Дүниедегі ең керемет сезімнің бірі – махаббат. Еліміздің сәуірдің 15-і күні атап өтілетін ғашықтар күніне орай колледжіміздің 1-курс білім алушылары арасында «Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу-2021» байқауы ұйымдастырылды.

Бұл мереке 1999 жылдан бері аталып келе жатса да, күшіне енді ғана еніп, жастарды қызықтырып, бір ойдың, бір идеяның астында жинап отыр. Бүгінде бұл мереке ғашықтардың тағатсыздана күтетін күніне айналды. Қазақ халқының да махаббаттың шынарына айналған қос ғашықты дәріптейтін «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» күнін бүгінгі қоғамымызда бірі білсе, бірі біле бермейді. Колледжішілік «Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу-2021» байқауы Арқалық политехникалық колледжінің жастар ісі жөніндегі комитетінің ұйымдастыруымен өтті.
Байқау қазақ жастарының арасында шынайылық пен адалдықты насихаттау, жастардың бойында эстетикалық тәрбиені қалыптастыру, құндылықтарды, ұлттық болмысты ояту, сондай-ақ жастарымызды ұйымшылдыққа, бір-біріне деген сыйластыққа тәрбиелеу мақсатын көздеді. Аталған байқауға 5 жұп қатысып, әр кезең бойынша бақтарын сынады. Қатысушыларға әділ бағасын беретін қазылар алқасы тағайындалып, қаламыздағы «Жас Отан» ЖҚ төрағасы Данияр Қожахметов келді. Тартысқа толы сайыста 2019 жылы атаулы байқауда жүлделі бірінші орынды иеленген жұптарымыз, колледжіміздің түлектектері Шерхан Тұңғышев пен Гаухар Қапсұлтан қонақта болды.
Жалпы байқау төрт кезең бойынша өтті. Алғашқы «Таныстырсам өзімді» кезеңінде екі жұп өздерін таныстырса, екінші – «Махаббат кедергісі» кезеңінде жұптарымыз ортаға шакырылып, қыздарымыз өз жұптарының көзін байлап, дауыстап айту арқылы түрлі кедергілерден өтті. Келесі «Өнерлі жұп» кезеңі – шығармашылыққа негізделді. Әр жұп өз өнерлерін көрсетті: ән айту, би билеу, көркемсөз оқу және т.б. Ал соңғы «Әдем-ау» кезеңінде қатысушыларымыз сән киім үлгісін көрсетті.
Нәтижесінде жүлделі 3-орынды Әлібек Қален мен Меруерт Пазылбек жұбы, Дамир Төлеуханов пен Кристина Красикова жұбы иеленді. Екінші орынға Жандос Жанділдаев пен Құлпынай Арыстанова ие болды. Ал жүлделі 1-орынды Анвар Жұмақанов пен Азиза Уринбекова қанжығасына байласа, «Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу-2021» аталымы мен Бас жүлдеге Диас Жарасқанов пен Камилла Насирила жұбы ие болды. Қатысушыларымыздың барлығы да жоғары дайындықпен келгенін дәлелдеді. Барлық қатысушы жұптарға сәуірдің 15-і күні қаламыздағы «SPORT-kafe_ajarmoll» сауықтыру орталығына «Махаббат аялдамасы» атты кино әлеміне жолдама берілді.
Алданыш БАЙЖУМИНА,
Жастар ісі жөніндегі
комитеттің жетекшісі,
Арқалық қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.