Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінде «Жаратылыстану және педагогика» ПӘК бірлестігінің онкүндігі жоспары шеңберінде колледжішілік деңгейде «WorldSkills-2021» турнирі өткізілді.
Жыл сайын дәстүрлі түрде Халықаралық деңгейде өткізілетін «WorldSkills» турнирі биыл тұңғыш рет Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінде де өткізілді. Турнир білім алушылар арасында кәсіби бәсекелестік қалыптастыру, болашақта облыстық турнирге қатысатын үздіктерді анықтауды көздеді. Жұмысшы мамандықтардың мәртебесін көтеру мақсатындағы турнирге «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша 4 сайыскер, «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша 5 сайыскер катысып, өзара сынға түсті. Турнир ережесіне сәйкес қатысушылар 5 модуль бойынша кәсіби шеберліктерін көрсетті.
«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша «А» модулінде «Менің сүйікті қалам» тақырыбында сабақтан үзінді көрсетілсе, «В» модулінде «Үй тапсырмасы» бойынша жоба қорғау байқауы өтті. Ал «С» модулі бойынша ағылшын тілінде дене тәрбиесі сабағынан үзінді көрсетке, «Д» модулі бойынша «Толағай» ертегісін түсіндіріп, сахналады. Ертегі арнайы конверттерге салынған ертегі тақырыптарынан таңдалды. Келесі «Е» модулі бойынша «Ата аналар жиналысын» өткізді. Қатысушылар өздерінің кәсіби деңгейін, мамандықты қаншалықты игергендігін, шеберліктері мен біліктілігін, шығармашылығын көрсете білді.
Осы мамандық бойынша сынға түскен 4 қатысушы төмендегідей нәтиже көрсетті: Бас жүлдеге МД-43 тобының студенті Сымбат Русланқызы, І орынға МД-32 тобының студенті Биязы Қуанышбек, ІІ орынға МД-32 тобының студенті Ақзат Жапар, ІІІ орынға МД-32 тобының студенті Арайлым Бурабай ие болды.
«Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша сайыскерлер келесі модульдер бойынша сынға түсті. «А» модулінде «Электронды портфолио» арнайы ұсынылған сайтта ғана, қатысушылар өз портфолиосын ағылшын тілінде құрып, ағылшын тілінде қорғайды. «В» модулі бойынша турнир барысында таңдалған бір пән бойынша (жаратылыстану, математика, ана тілі, т.б), волонтерлермен «Сабақтан үзінді» өткізеді. «С» модулі бойынша турнир барысында таңдалған тақырып бойынша сыныптан тыс тәрбие сағатынан үзінді көрсетілсе, «Д» модулі бойынша «Педагогикалық жағдаят» сұрақтарын талдап, обекті мен субектісін анықтап, қатысушылар өз көзқарасын дәлелдеп шығады. Ал соңғы «Е» модулінде «5 минутта үйретемін» тапсырмасы бойынша сайыскерлер қолданбалы заттардан 5 минут ішінде бұйым жасауды үйретіп шығады.
Бұл мамандық бойынша БМ-42 тобының студенті Айзат Сәтбай, БМ-42 тобының студенті Айым Бертагина, БМ-32 тобының студенті Мадина Сәлімжан, БМ-23 тобынан Аруна Қалдыбайқызы және БМ-23 тобынан Әлім Аружан қатысады. Нәтижесінде анықталған жүлдегерлер облыстық деңгейде осы екі мамандық бойынша колледж намысын қорғамақ. Турнирге қала мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері мен «Алпамыс» балабақшасының әдіскерлері мен тәрбиешілері, колледж әкімшілігі сарапшы ретінде тартылып, төрелік жасады. Жеңімпаз атанған жастарымыздың келешегінен үлкен үміт күтеміз. Олар педагог мәртебесін көтеруде өз үлесін қосады деген сенімдеміз және алдағы облыстық турнирде жеңіске жетуін тілейміз.
Гүлхашима ОРАЗОВА,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық
колледжінің әдіскері,
Арқалық қаласы
Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.