Өткен аптада Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ-дің ректоры Сейтбек Қуанышбаев пен университеттің интернационалдандыру және академиялық ұтқырлық басқармасының жетекшісі Нагима Манасбаева АҚШ-қа ресми сапардан оралды.
Іс-сапар аясында ҚӨУ студенттерінің University of Minnesota Morris кампусында білім алу жағдайымен танысу және қос диплом бағдарламасы аясындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мақсаты назарға алынды. Делегация университеттің студенттік қалашығын аралап қана қоймай, профессор-оқытушылар құрамымен кездесіп, болашақ бірлескен жобаларды талқылады.
Қостанай өңірлік университеті мен University of Minnesota Morris арасындағы «Computer Science» мамандығы бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы 2024 жылы енгізілген. Бағдарлама талаптарына сәйкес, студенттер алғашқы екі жылды ҚӨУ-де оқыса, кейінгі екі жылды АҚШ-та жалғастырады. University of Minnesota Morris-ке қабылдану үшін ҚӨУ студенттері арнайы емтихан тапсырып, қосымша талаптарды орындайды. Алдағы жылдары студенттердің алғашқы легі бағдарлама аясында АҚШ-та оқуын жалғастырмақ.
Қос диплом бағдарламасы түлектерге халықаралық тәжірибе жинақтауға ғана емес, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті маман болуға да таптырмас мүмкіндік береді. Сондай-ақ бұл олардың еңбегінің жаһандық деңгейде мойындалуына жол ашады. Айта кетейік, University of Minnesota Morris – АҚШ-тың беделді жоғары оқу орындарының бірі. Ол ел ішіндегі үздік университеттердің қатарынан орын алып, әлемдік QS Ranking тізімінде 203-орында тұр.
Аружан АНИСОВА,
А.Байтұрсынұлы атындағы
Қостанай өңірлік университетінің
3-курс студенті
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.