Осындай атауда Қостанай қаласындағы №40 бөбекжай-бақшасында қыздарға дұрыс бағыт-бағдар сілтеу, сондай-ақ жастар арасында салт-дәстүрімізді насихаттау мақсатында «Қыз сыны-2021» байқауы өткізілді.

Сайысқа «Мен қазақтың қызымын», «Білім мен дәстүр», «Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі», «Қыздың бір өнері – ас пісіру», «Он саусағынан өнер тамған», бағыттары бойынша балабақшадағы жас педагогтер қатысты. Арулар өздерін таныстырудан бастап, «Сан сұрақтан сүрінбей самғап ұшқын» дегендей, «Білім мен дәстүр» бөлімінде қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерінен білімдерін жан-жақты көрсете білді. Ал «Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі» бөлімінде ұлттық сәнді киімдерін паш етіп, «Қыздың бір өнері – ас пісіру» бөлімінде аруларымыз өздері дайындаған бауырсақты әділ қазылар алқасына ұсынды.

Сайыс соңында «Он саусағынан өнер тамған» бөлімінде арулар өз өнерлерін көрсетті. Бұл сайыста жас педагогтер өте жақсы дайындалып, өнерлерін жан-жақты көрсетуге тырысты. Әділ қазылар алқасының шешімі бойынша бірінші орынды ортаңғы «Б» тобының тәрбиешісі Жанар Ташетова, екінші орынды кіші «Б» тобының тәрбиешісі Гүлназ Ертанова, үшінші орынды Оксана Терентьева жеңіп алды.
Сауле БРАХМЕТОВА,
№40 бөбекжай-балабақшасы
қазақ тілі пәнінің мұғалімі,
Қостанай қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.