Адам өмірінің әрбір кезеңі ерекше әрі қайталанбас болып келеді емес пе? Олардың барлығы қиындығы мен қуанышы қатар жүрер, бір топ естеліктер жинағы іспеттес. Соның ішінде ең бір ыстық, жүрекке ерекше жылулық беретін өмір кітабының бір парағы – студенттік шақ.

Студенттік өмірдің қай кезеңі болмасын, адам санасында ерекше жаңғырып қалары сөзсіз. Студенттік шақ – үлкен мүмкіндіктер мен жарқын болашақтың бастамасы. Ол барлығына бірдей беріледі, бірақ оны кімнің қалай пайдаланары өзіне байланысты. Сол берілген мүмкіндікті лайықты түрде пайдаланып, студенттер бос уақыттарын тиімді өткізу үшін жатақханамызда «Достық татулықтан басталады» іс-шарасы өткізілді.
Аталған іс-шара жатақхана тұрғындарына жақсы көңіл-күй сыйлау, жастардың өзара қарым-қатынас жасауына жағдай жасап, достық байланыс орнату мақсатын көздеді. Сондай-ақ өзінің адамгершілік мінез-құлықтарына баға беру, өзіне деген сенімділік қабілетін дамыту да назардан тыс қалмады. Кездесу кешінің міндеті: студенттердің психологиялық денсаулығын қолдау және нығайту; оқу және толық әлеуметтену үшін жайлы психологиялық-әлеуметтік және әлеуметтік-педагогикалық жағдай жасау болып табылады.
Кеш барысында колледж психологының ұйымдастыруымен тренинг өткізілді. Сонымен қатар түрлі қызықты ойындар, сұрақтар қойылды. Студенттер өздерінің іс-шара барысында алған әсерлерімен бөлісті. Сөзімді түйіндей келе айтарым, өмірде бір рет қана келетін бұл шақтың әрбір күні мен сағатын естен кетпестей қылып, қызыққа толы етіп өткізу әрбіріміздің өз қолымызда. Ең бастысы, бағдардан адаспай, түзу жолда жүріп, бойдағы бар қабілеттерді шыңдап, бәріне үлгеріп жүріп, өмір атты кітабымыздың бір парағына айналған студенттік шағымызды дұрыс тізгіндей алсақ жөн.
Айдана САПАРОВА,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық колледжі
әлеуметтік педагогі,
Гүлмира НУРКЕНОВА,
колледж психологы,
Арқалық қаласы
Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.