Осындай тақырыпта Рудный құрылыс және көлік колледжінде қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігі аясында жыр сүйер қауым үшін Сырбай Мәуленовтың туғанына 100 жыл толуына және ҰОС аяқталуының 78 жылдығына арналған мәнерлеп оқу сайысы өтті.
.jpg)
Сайысты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушылары ретінде әріптесім Қуаныш Мустафина екеуміз «Оқитын колледж» жобасы негізінде жастар арасында оқудың мәртебесін көтеру, оқу сауаттылығын арттыру мақсатында қолға алдық. Жерлесіміз Сырбай Мәуленов – қырыққа жуық жыр жинақтарының авторы. Өлеңдері қазақ поэзиясының лирика жанрын дамытуға елеулі үлес болып қосылды. Сыр ағаның майдан даласында жазған жырлары әлі де өзекті. Оның сол кездері жолдаған сәлем хаттары ақ көгершін болып ақ қағаздың бетіне қонғандай. Сырбай Мәуленов соғыста нені көрсе, соны жазды. Ол үшін қиян-кескі ұрыс майданы, ажалдың әміршісіндей сұп-суық мылтықтар, тұманы сейілмеген алаңдар – бәрі-бәрі өлеңнің алдында аласа болып елестейді.
«Соғыс тақырыбы маған әр кезде, әр түрлі жаадайда оралып отырады», – дейді Сыр-аға. «Соғыстан қайтқан солдаттар» деген өлеңінің шығу тарихы туралы: «Мен 1943 жылдың жазында ауыр жараланып, Жаркөл станциясына қайтып оралдым. Осы станциядан көп жігіт майданға бірге аттанған еді. Мені майданнан келді дегенді естіп төңіректегі ауыл-аймақ түгел жиналыпты. Біреу менімен кеткен ағасын, біреу сүйген жарын сұрап жатыр. Сірә, олар армияға алынған барлық адам бір жерде соғысады деп ойлайтын болуы керек. Мен оларға не деп жауап бере аламын. Міне, бұл өлеңнің тақырыбы сол кезде менің ойыма түскен болатын», – деп өз ойын қорытындылапты бір кездері Сырбай Мәуленов. Ал осы өлеңді нақышына келтіре орындаған колледж студенті Талғат Канабаев залда отырған студенттердің көз алдына сол жылдарды салған секілді.
Ақын бізге «соғыс құрсын» деп ақыл айтпайды, ол адамзатқа, сосын оқырманына соғыстың қып-қызыл қаннан тұратынын ескертеді. Қолында берені, ойында өлеңі бар жап-жас ақын үшін әр сәт өмір мен өлім арасындағы тайталас болғаны шындық. Сонда да ол мына тіршіліктен, елінен, жерінен үмітін үзбейді. «Мен ораламын», – деп асқақ мінезбен, айдарлы қалыппен сөйлейді. Жүрегі нені қаласа, тағдыры соны бұйырып, ақын соғыстан аман оралды да. Жыр сүйер қауым жерлестері С.Мәуленовтың өлеңдерін жылы қабылдады. Сайыс соңында әділ қазылар алқасы колледж студенті Сүндет Тұрдыбаев Сыр-ағаның өлеңін оқыса, колледж кітапханашысы Күлсара Буркитбаева дайындаған бейнематериалмен таныстырды.
Сайыс болған соң, бір ғана жеңімпаз болатыны хақ. Қатарластарынан оза шауып, өлеңді оқу мәнерімен ерекше көзге түскен 2-курс студенті Алпамыс Әбділда бірінші орынға ие болды. Колледж студенттері Сырбай Мәуленов туралы мол ақпарат алды және өлең оқуға деген сүйіспеншіліктері оянды деген сенімдемін.
Инеш САҚТАҒАНОВА,
Рудный құрылыс және
көлік колледжінің
оқытушысы
«Адал азамат» бағдарламасы: балабақшадағы тәлім-тәрбие
Тарих пен тағылым тоғысқан күн
Сберечь природу в наших силах
Сила единства и результатов: итоги работы профсоюзных организаций Карасуского района
Маленькие исследователи
Учитель – это светоч нации. Ежедневным кропотливым трудом каждый из вас вносит неоценимый вклад в развитие страны. Вы сеете семена знаний в молодые сердца и растите мыслящую нацию. Ибрай Алтынсарин говорил: «Превыше всего я ценю хорошего учителя». Педагог – ключевая фигура в построении будущего страны, поэтому ему должно быть отведено достойное место в обществе.
Я спросил у посла Японии, каким образом его страна сумела так быстро достичь высокой степени развития, стала играть в мире столь важную роль? Мне очень понравился ответ посла: «Японцы верили, что единственный способ поднять страну – это дать своим детям лучшее образование, чем они имели сами, самым важным для них было уйти от своего положения крестьян и получить образование. Поэтому в семьях огромные усилия прикладывались к тому, чтобы поощрять детей хорошо учиться в школе, чтобы они могли чего-то достичь. Из-за этого стремления постоянно чему-то учиться, через систему образования распространялись новые идеи из внешнего мира. Это одна из причин быстрого развития Японии».