Учительская плюс

Областная еженедельная общественная информационно-образовательная газета
Календарь
08/11/26 Воскресенье

Оқуға құштар білім ордасы

Выпуск - №51 (548)   :   06.01.2023
1316

«Оқу құралының ең ұлығы – бала оқытатұғын кітап», – деген Ахмет Байтұрсынұлы. Кітап – оқу-білім мен ақпарат алудың, рухани-адамгершілік тұрғысынан тұлғаны үйлесімді және дәйекті түрде қалыптастыру мен жетілдірудің ең тиімді құралдарының бірі.

Кітап оқу маманның коммуникативті және кәсіби құзыреттілігін арттыруға, тұлғаның өмірлік жетістіктерге жетуіне ықпал етеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында берген тапсырмасына сәйкес Білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарының кітапханаларын 2022-2025 жылға дейін перспективалық дамудың Кешенді жоспарын колледж студенттерінің оқу сауаттылығын арттыру мақсатында «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасын әзірледі.

Тұжырымдаманың мақсаты: колледждерде оқырмандарды кітапханаға тартуға, оқырмандар белсенділігін және білім алушылар оқуының сапасын арттыруға, олардың зияткерлік және рухани-имандылық дамуына, оқырмандық құзыретінің дамуына септігін тигізетін қолайлы орта құру. Бұл жобада білім алушылардың оқу мәртебесін, оқырмандық белсенділігі мен оқу сапасын арттыру мақсатында педагогикалық ұжымның, кітапхананың және ата-аналар қоғамдастығының күш-жігерін біріктіру көзделген.

Аталмыш жобаны іске асыру мақсатында қазан айында Алматы облысының Қонаев қаласында «Балдәурен» РОСО «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасы бойынша «Болашақ білімді жастардың қолында» атты республикалық семинар өткізді. Оған қатысқан колледжіміздің кітапханашысы Е.Қолдасбаева және бастауыш білім беру мамандығының 3-курс студенті Жібек Қонарбай үздік ондыққа ілігіп, колледж кітапханашыларына арналған республикалық семинар жұмысы аясында өткен кітап оқу байқауынан грамотамен марапатталып, төсбелгіні иеленді. «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасы аясында Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің кітапханасы 2022-2025 жылдарға бекітілген жұмыс жоспары бойынша жұмыс істеп келеді.

Айта кететін болсақ, қыркүйек айынан бастап «Кітапхана – табыс мекені» тақырыбында кітапхананың Ашық есік күні, «Өзім оқып шықтым, саған оқуға кеңес беремін» атты библио-кросс, қазан айының 24-і күні атап өтілетін Кітапханашы күнін мерекелеу аясында «Кітапханашы – демек креативті» атты кітапханада өзін-өзі басқару күні, «Кітап достарын іздейді» тақырыбында буккроссинг кітап көрмесі, «Оқу көшбасшысы» тақырыбында викторина, «Бабалар үні» атты ауызша журнал, «Менің өмірімді өзгерткен кітап» эссе байқауы және «Бір кітап – бір колледж» акциясы өтуде. Алдағы уақытта да осы бағыттағы іс-шаралар жалғасын табары хақ.


Айнұр МҰХАМЕДЖАНОВА,
Екатерина ҚОЛДАСБАЕВА,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық
колледжінің кітапханашылары,
Арқалық қаласы

Реклама

Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.