Тестілеу басталғалы 25 мыңнан астам адам магистратураға түсу үшін кешенді тест тапсырды. Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша түсушілердің 46%-ы, бейінді бағыт бойынша 27%-ы шекті балл жинады, – деп хабарлайды «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша орташа көрсеткіш 76 балл, бейінді бағыт бойынша 25 балл болды. Ең жоғары балл – 134.
– Тестілеу басталғалы 41 қатысушының нәтижесі жойылды. Оның ішінде 31 оқуға түсуші смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысқаны үшін тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Кешенді тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 10 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды, – делінген хабарламада.
Тестілеу нәтижелерімен келіспеген жағдайда онлайн-апелляция беруге болады. Тест тапсырушы емтихан аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға өтініш бере алады. Апелляция 7 жұмыс күні ішінде қарастырылады, одан соң сертификат оқуға түсушінің Жеке кабинетінде қолжетімді болады.
Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистратураға түсу үшін кемінде 75 балл, бейіндік бағыт бойынша кемінде 30 балл жинау қажет.
Естеріңізге сала кетсек, магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге 61 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Магистратурада оқуға 11 мыңға жуық грант бөлінді.
Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.