Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінің оқу жоспарына сәйкес «Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу» мамандығының 2-курс білім алушылары алғашқы тәжірибелерін облыстың мектепке дейінгі мекемелерінде өткізді.


Қай кезде де кәсіби тәжірибенің берері мол. Осы орайда ойға түйгені мен үйренгендерін «Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу» мамандығының 1-курс студенттеріне ақпарат беру мақсатында танымдық бағыттағы дөңгелек үстел өтті. Іс-шара барысында мектепке дейінгі мекемелерде тәжірибе өту мәселесі талқыланды.

Білім алушыларымыз белсенділік танытып, мамандық туралы: нақыл сөздер, оны таңдау факторлары мен жолдары әрі теориялық білімдерін де нақты көрсете білді. Тәжірибе барысында олар қызықтырған сұрақтарына толық жауап та ала білді. Атап айтқанда: психологиялық-педагогикалық бейімделу, бүлдіршіндермен жұмыс барысындағы қиындықтар, педагогикалық әдістердің қолдану ерекшеліктері, тәрбиешіге қойылатын талаптар, дидактикалық материалдар, ата-аналармен жұмыс, нормативтік құжат түрлері және т.б.
Өз кезегінде 2-курс білім алушылары өз пікірлерімен, өз қолдарымен жасалған қызықты көрнекіліктермен: «саусақ театры», ертегі кейіпкерлері, мамандық иелерімен бөлісіп, кеңестерін де айтты. Олар «педагог-тәрбиеші қызметінің маңызы: бала тәрбиесінде қызықтыра отырып, оқу іс-әрекетіне аударту, педагогикалық қарым-қатынасты шебер ұйымдастыра білу» деген ортақ пікірге келді.
Сәулеш ҚАНЕШОВА,
Ы.Алтынсарин атындағы
Рудный әлеуметтік-гуманитарлық
колледжінің жалпы білім беру
пәндерінің оқытушысы
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.