Маманның шыңдалу жолы

Выпуск - №36 (584)   :   29.09.2023
682

Колледж қабырғасында оқып жүрген әр студенттің білікті де білімді маман болып қалыптасуына тек оның теориялық дайындығы аздық етеді. Сонымен қатар практикалық жағынан да озық болуы өте маңызды.

Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік гуманитарлық колледжінің «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының 4-курс білім алушылары «Балабақшадағы оқу жылының алғашқы күндері» бақылау өндірістік практикасын қортындылау мақсатында шағын конференция өткізді. Coffee-morning форматында өткізілген шарада студенттер практикадан алған әсерлерімен бөлісіп, озық ойларын ортаға салды.

Ең алдымен, топ ішінде жағымды ахуал қалыптастыру үшін психологиялық тренинг өткізіліп, кейін өз жұмыстарын ойдағыдай қорғап шықты. Іс-шарада білім алушылар практикалық жұмыстарымен бөлісіп, дидактикалық ойындардың жаңашыл формаларын да ұсына білді. Конференцияда мектепке дейінгі жастағы балалардың алғашқы оқу жылында білім ошағына бейімделулерінің қорытындысы мен олармен жүргізілетін оқу-тәрбие жұмысының жоспары және басты құжаттамалық үлгілерімен бөлісті.

Мектепке дейінгі жаста баланың мектепке толыққанды сіңісіп үйреніп кетуіне мұғалім, ата-ана тікелей өз ықпалын тигізері анық. Осыған нақты көз жеткізе білген білім алушылар тәжірибе барысында меңгерген білім, біліктерін болашақта балабақшада жұмыс істеу кезінде қолданады.


Индира ЖАЙЛАУБАЕВА,
Ы.Алтынсарин атындағы
Рудный әлеуметтік гуманитарлық
колледжінің арнайы
пәндердің оқытушысы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.