Қай кезде де мемлекеттік тіл мәселесі көтерілгенде іші қылп ете қалмайтын қазақ кемде-кем шығар. Тәуелсіздік алып, шекарамызды айқындағаннан кейін алдымызда міндет болған ең басты мәселе – мемлекеттік тіліміздің мәртебесі екені рас.
Ел болып еңсе көтергенімізге 30 жыл болса да, мемлекеттік тіл мәртебесі өз діңгегіне шыға алмай отыр. Ол – қоғаммен «жұдырықтай жұмылып» шешетін мәселе. Осы салмағы ауыр саясатқа бел шеше кірісіп жүрген орталықтардың бірі «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығы жыл сайын дәстүрлі түрде мемлекеттік қызметшілер арасында «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» байқауының облыстық деңгейін өте сапалы түрде өткізіп жүр. Аталмыш шара биыл да жалғасын тапты. Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орайластырылған шара Қостанай қаласындағы сәні мен сәулеті жарасқан «Достық үйінде» өтті.
Аталған байқауға облыстың 12 аймағынан, атап айтар болсақ: Амангелді, Алтынсарин, Мендіқара, Қарасу аудандары мен Арқалық, Лисаковск, Рудный тағы да басқа қалаларынан мемлекеттік қызметшілер қатысып, бақ сынады. Байқауға Арқалық қаласынан, алдын ала осы байқаудың қалалық деңгейінен жеңімпаз атанған «Болашақ» командасы қатысты. Топ басшысы – Шоқпатов Азатхан Гафурович, топ мүшелері – Бозторина Жанат Қалуқызы, Карин Мереке Жұмабекұлы Арқалық қаласының намысын қорғады.
Байқаудың мақсаты – «Рухани жаңғыру» ұлттық жобасы аясында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, қатысушылардың еліміздің даму тарихы туралы танымын қалыптастыру, ұлттық сана-сезімін, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Одан бөлек мемлкеттік қызметшілердің арасында мемлкеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және дамыту, мемлекеттік қызметшілердің өзін-өзі шығармашылық тұрғыдан дамытуы мен кәсіби өсуі үшін моральдық ынталандыру жағы да көзделді.
«Мемлекетік тіл – мемлекеттік қызметте» байқауының қазылар алқасы: Гүлжанат Жүрсіналина – А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің Тілдерді даярлау орталығының меңгерушісі, филология ғ.к.; Эльмира Алшымова – Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі басшысының орынбасары, өлкетанушы; Марғұлан Оспанов – Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық мұражайының директоры; Аида Бажирова – Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының бас маманы, «Үздік мемлекеттік қызметші-2022» республикалық байқауының жеңімпазы; Динара Шүкенова – Қостанай облысы әкімі аппараты персоналды басқарудың бірыңғай қызметінің бас маманы.
Жалпы байқау 4 кезеңнен тұрды. Алғашқы «Тұсаукесер» кезеңінде қатысушы командалар өздерінің команда атауы мен ұранын таныстырып, байқауға қатысудағы мақсат-міндеттерін екі минуттан көп емес уақыт ішінде айтып берді. II кезең – «Жер-судың аты – тарихтың хаты» атты команда капитандарының сайысы. Бұл кезеңде топ басшылары экранда ұсынылған суреттер бойынша елмізде танымал мекен, сәулет құрылысының және тарихи тұлғаның қысқаша сипаттамасын берді. III кезең – «Кониститутцияны білесіз бе?» топтық сайысы. Мұнда команда мүшелері Кониституция туралы экранда көрсетілген сұрақтарға жауап берді. Ал IV кезең «Қазақшаңыз қалай?» атты шығармашылық сайысқа негізделді. Мұнда командаларға өзекті тақырыпқа өлең оқу, ән орындау немесе қойылым көрсету ұсынылды.
Командалар барынша дайындықпен келген. Біздің «Болашақ» командасының сәлемдесудегі таныстыру қойылымы, өлең жолдарына ілесе, топ мүшелерінің орын ауыстыру қойылымдары тартымды болды және үй тапсырмасына дайындап әкелген Ахмет Байтұрсыновтың ағартушылық жолындағы қысқаша спектакль көрермен көңіліне жол таба білді. Кішігірім қойылымдағы қолданылған реквизиттер мен кейіпкер киімі үлкен талғамға сай болғанын қазылар алқасы қорытындыда тоқтала айтты. Байқаудың екінші, үшінші кезеңдеріндегі сұрақ-жауаптен да біздің команда мүдірмеді.
Байқау нәтижесінде топ жарып, ең жоғарғы ұпайды иеленген командамыз толығымен байқау жеңімпазы атануға лайық деп танылды. Әрбір орталық үшін жасаған жұмысының жемісін көру үлкен мәртебе. Жұмысымызға берілген әрбір әділ баға – ертеңгі атқаратын бастамаларымызға ерекше серпін беретіні сөзсіз. Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін аталмыш шара мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеретін бірден-бір құрал ретінде ғұмыры ұзақ болсын дегіміз келеді.
Гүлхашима ОРАЗОВА,
Арқалық қалалық тілдерді
оқыту орталығы директорының
міндетін атқарушы
Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.