Осындай тақырыпта Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінде психология апталығы ұйымдастырылды. Ол білім алушылардың психологияға деген қызығушылығын арттырып, психологиялық саулығын жақсартуға мүмкіндік береді.

Апталық жұмысы, әрине, оқытушылар мен білім алушылардың психологиялық құзыреттілігін көтеру, адамтану білімін қалыптастырушы ретінде, психология ғылымының маңыздылығын арттыру мақсатын көздеді. «Мен сені сүйем өмір» психологиялық апталығы аясында колледж бен отбасының бірлік қарым-қатынасын саламатты өмір салтын насихаттау арқылы нығайтуды көздеп, психолог пен дене шынықтыру пәнінің оқытушыларының қатысуымен «Намыс дода» атты спорттық іс-шарасы өткізілді.
Бала тәрбиесіндегі колледж бен отбасы ынтымақтастығы дегеніміз – жасөспірімнің тәрбиесін жақсарту мақсатында бағытталған, келісілген, үйлестірілген, әсер ететін шаралардың бір жүйеге бірігуі. Жасөспірімдерді тәрбиелеуде колледж бен отбасы ынтымақтастығының жоғары болуы ерекше орын алады. Спорттық шараға әр топтан ата-ана, білім алушы және топ жетекшілері бір команда болып қатысты. Тек спорт түрлерінен ғана емес, сонымен қатар логика мен зияткерлік қабілет те сынға түскен тапсырмалар қатысушылардың көңілінен шықты.


Ой мен ойынның элементтері аралас түрде көрсетілген бұл сайыста ДМ-11 тобы жүлделі орынды иеленді. Колледж басшысы Сандуғаш Алматова жеңімпаздарды құттықтап, арнайы сыйлықтарды табыстап, сайыс қатысушыларына алғысын білдірді. Сондай-ақ өз сөзінде бірлескен іс-шаралар арқылы тиімді қарым-қатынас орнатып, болашақта еліміздің ертеңі болар азаматтарды тәрбиелеуде биік белестерге жететініміз анық екенін жеткізді.
Айнұр ДАКАР,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық
колледжінің
педагог-психологы,
Арқалық қаласы
Я с детства полюбила читать газеты, потому что они всегда были в нашей семье. И до сих пор, несмотря на обилие новых носителей информации, я больше всего люблю газету, особенно нашу, учительскую, за продуманный, взвешенный подход, за подробность и объективность, за особую атмосферу, которая возникает от неспешного листания страниц. И ещё нравится, что «Учительская плюс» входит в список изданий, рекомендованных министерством просвещения для размещения материалов аттестуемых педагогов. Это очень мотивирует!
«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.
Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!