Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінде бірінші курс студенттеріне арналған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылып, мерзімді әскери қызметтің ерекшеліктері, маңызы және жастарға беретін мүмкіндіктері туралы кеңінен түсіндірілді.
Жастардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, азаматтық жауапкершілігін арттыру және әскери қызметтің маңызын түсіндіру – бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі. Осы бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу мақсатында ұйымдастырылған кездесудің негізгі мақсаты – студенттерге мерзімді әскери қызметтің қоғамдағы және азамат өміріндегі маңызын түсіндіру, әскери-патриоттық тәрбиені нығайту, Отан алдындағы азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру.
Іс-шара барысында студенттерге мерзімді әскери қызмет туралы негізгі мәліметтер беріліп, әскери қызметтің артықшылықтары мен мүмкіндіктері түсіндірілді. Сондай-ақ әскери қызмет барысында қалыптасатын тәртіп, жауапкершілік, төзімділік, өзіне деген сенімділік, одан бөлек, командалық жұмыс дағдыларының маңызына ерекше назар аударылды. Студенттерге әскери қызметтің негізгі бағыттары, әскери мамандықтар мен қызмет барысында меңгерілетін дағдылар туралы ақпарат ұсынылды. Әскери қызметтің жастардың тұлғалық дамуына, жауапкершілік пен тәртіпті қалыптастыруға ықпалы да кеңінен айтылды.
Кездесу барысында мерзімді әскери қызметті аяқтағаннан кейінгі мүмкіндіктерге де тоқталып, әскери салада білімін жалғастыру, кәсіби бағытта даму және жаңа тәжірибе жинақтау жолдары туралы түсінік берілді. Мұндай ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жастардың әскери қызметке деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың ел алдындағы жауапкершілікті сезініп, Отан қорғаудың мәнін түсінуіне ықпал етеді. Жас ұрпақтың бойында елге деген сүйіспеншілік, жауапкершілік пен азаматтық ұстанымды қалыптастыру – баршамызға ортақ міндет.
Ниязбек ОРАЗОВ,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық
колледжінің бастапқы
әскери дайындық педагогі,
Арқалық қаласы
Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.