Нәзипа ізімен

Выпуск - №22(519)   :   06.06.2022
843

Халқымыздың тұңғыш журналист қызы Нәзипа Сегізбайқызы ұстаздық қызметімен қоса этнография саласын зерттеп, қазақ мектептері үшін оқулықтар жазған. Мектепке дейінгі педагогиканың да негізін салушы ғалым, біртуар қазақ қызына биыл 135 жыл толып отыр.

Этнограф, педагог, аудармашы, Алаш қозғалысы кезінде қайраткерлігімен көзге түскен айтулы тұлғаның 135 жылдық мерейтойы қарсаңында Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінде оқу жылының басынан көптеген іс-шаралар өткізіліп келеді. Соның жалғасы ретінде колледж кітапханашылары Н.Құлжанованың өмірі мен шығармашылығын, елге еткен еңбегі мен ағартушылық жолын өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттау мақсатында білім алушылармен үш күндік іс-шаралар өткізді. Оған колледжіміздің барлық білім алушылары қатысқанын ерекше айтып өтсек ләзім.

Шара барысында «Нәзипа Құлжанова – қаламы жүйрік журналист, талғамы биік жазушы» тақырыбында таныстыру мақсатында слайд көрсетілді. Онда тұлғаның журналистік қыры мен жазушылық еңбектері, еңбек жолы мен оқулықтары жан-жақты таныстырылды. «Нәзипа ізімен» атты бейнероликте өмірбаяны, шығармашылығы, ізін қуған шәкірттері, Семей қаласындағы еңбек жолы жайлы айтылып, М.Әуезов атындағы педагогикалық колледждегі Н.Құлжанова атындағы кабинет жайлы да айтылды.

Өткен айда аталған оқу ордасында республикалық конференция ұйымдастырылған-тын. Сонда ақын, профессор С.Оспанұлы, М.Әуезов атындағы Семей педагогикалық колледжінің директоры А.Жанаева өз қолымен сыйға тартқан Н.Құлжанованың есімі енген «Алаштың білім ордасы – 115 жыл», «Ұлылар шаңырағынан 119 жыл», «Н.Құлжанованың 135 жылдығына тарту» атты кітаптар таныстырылды. Еңбектерде ғалымның өмірі мен шығармашылығы, отбасы, еңбек жолы жайлы деректер жазылған. Шара соңында білім алушылар таныстырылымнан түйген ойымен бөлісіп, алғыстарын айтты. Алдағы уақытта да осы бағыттағы іс-шаралар жалғасын таппақ.


Айнұр МҰХАМЕДЖАНОВА,
Екатерина КОЛДАСБАЕВА,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық колледжі
кітапханашылары,
Арқалық қаласы

Реклама

Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.