Қостанай қаласындағы «Мирас» мәдениет сарайында облысымыздың ТОП-10 үздік студенттерін марапаттауға арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылып, жастардың таланты мен жігерін, колледж білімінің әлеуетін айқын көрсетті.
Сахнаға шыққан әр студенттің жетістігі – өңіріміздің кәсіби білім беру жүйесінің қарқынды дамуының, жастардың еңбекқорлығы мен жаңа белестерді бағындыруға дайындығының көрінісі. Биыл қостанайлық жастар республикалық жарыстардан бастап халықаралық чемпионаттарға дейін топ жарып, талай белестерді бағындыра алатынын дәлелдеді. Бұл туралы Қостанай облысы білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Жанагуль Жумина атап өтті. «2025 жыл еліміз үшін жұмысшы мамандықтарының маңызын бұрынғыдан да арттырған ерекше жыл болды. Бүгінде дәл осы мамандықтар Қазақстанның экономикалық тұрақтылығы мен технологиялық прогресінің негізгі тірегіне айналып отыр. Ал сіздер, колледж студенттері, осы өзгерістердің алдыңғы қатарындасыздар. Әрқайсыңыз өз еңбегіңізбен, кәсіби шеберлігіңізбен болашақты өзгертуге болатынын дәлелдеп келесіздер. Сіздердің жетістіктеріңіз – өңіріміздің дамуына қосқан зор үлес әрі колледждеріміздегі білім сапасының жоғары деңгейінің айқын көрінісі», – деді жастарға қарап сөз сөйлеген Жанагуль Серикпаевна.
Артынша ҚР ТОП-100 үздік студенттері қатарына енген Қостанай облысының ТжКБ ұйымдарының 10 колледжінің ішінен 8 студентке ерекше мақтанышпен тоқталып өтті. Олар: Қостанай жоғары педагогикалық колледжінің студенттері Дильназ Махина және Алина Ковалева, Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжінің студенті Роман Говако, Қостанай автомобиль көлігі колледжінің студенті Дәулет Серікбай, Қостанай политехникалық жоғары колледжінің студенті Артём Алексеев, Сарыкөл агробизнес және құқық колледжінің студенті Александр Ковтун, Қостанай гуманитарлық колледжінің студенті Алёна Блинова және ҚИнЭУ Кәсіпкерлік колледжінің студенті Нұралы Ожан.
Әулиекөл ауыл шаруашылығы колледжінің студенті Денис Ерошенко «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» құзыреттілігі бойынша өткен «AgroSkills-2025» республикалық байқауында жоғары дайындық деңгейін көрсетті. Қостанай жоғары автомобиль көлігі колледжінің студенті Артём Кузнецовтың Ақтау қаласында өткен TurkicSkills 2025 халықаралық чемпионатында «Жеңіл автокөліктерді жөндеу және қызмет көрсету» құзыреттілігі бойынша алтын медаль иеленіп, жеті елдің мықтылары арасынан суырылып шықты.
Халықаралық деңгейде Павлодар облысында өткен ERG Skills International-2025 байқауында ERG колледждер Альянсының студенттері Руслан Байтуов пен Александр Гадлевский команда қоржынына 2 алтын медаль, Роман Демиденко мен Данил Ярошевич 2 күміс медаль және Андрей Ивахно қола медаль салды. ҚИнЭУ Кәсіпкерлік колледжінің студенті Ерболат Файзула «Мен – кәсіпкермін» Республикалық Гранд-турнирінде Starlink технологиясын ҚТЖ жүйесіне енгізуге бағытталған жобасымен III дәрежелі дипломға ие болса, Қостанай Қазтұтынуодағының жоғары колледжі «Мисс Бизнес-2025» байқауында 3-орынды жеңіп алып, тері өңдеуге арналған ерекше жобасымен және жоғары дайындығымен көзге түсті.
Салтанатты іс-шара аясында шығармашылық және көшбасшылық қабілеттерін дәлелдеген колледж студенттері марапатталды. Әуелі дебат турнирінің жеңімпаздарына құрмет көрсетілді. Жүлделі үшінші орын Қостанай гуманитарлық колледжінің командасы (мемлекеттік тіл лигасы) мен Қостанай жоғары политехникалық колледжінің командасына (орыс тілі лигасы) табысталды. Олардың әрқайсысына 50 000 теңге көлемінде сыйлық берілді. Екінші орын – Қостанай жоғары педагогикалық колледжінің командасы (мемлекеттік тіл лигасы) және Қостанай қызмет көрсету саласы колледжінің командасына (орыс тілі лигасы) бұйырды. Оларға 100 000 теңгеден сыйақы табыс етілді. Арқалық медициналық колледжінің командасы (мемлекеттік тіл лигасы) және Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжінің командасы (орыс тілі лигасы) турнир жеңімпаздары атанып, әрқайсысы 150 000 теңге көлемінде бағалы сыйлыққа ие болды. Ал үздік спикерлер қатарында Қостанай жоғары педагогикалық колледжінің студенті Айшагул Сабирова мен Қостанай жоғары политехникалық колледжінің студенті Карина Кусеубаева танылды.
фото – Дебат турнирінің жеңімпаздары – Арқалық медициналық колледжінің командасы (мемлекеттік тіл лигасы)
фото – Дебат турнирінің жеңімпаздары – Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжінің командасы (орыс тілі лигасы)
Артынша, номинация бойынша үздіктер сахна төріне шақырылып, марапат биігінен көрініп, жұртшылықтың қошеметіне бөленді. «Шеберлік» номинациясы WorldSkills Kostanay облыстық чемпионатында «Визуалды мерчандайзинг» құзыреттілігі бойынша жеңіске жетіп, 2024 жылы WorldSkills Kazakhstan чемпионатында қола медальге ие болған Қостанай құрылыс колледжінің студенті Дамиля Тюлькубаеваға табысталды. «Ғылыми серпіліс» номинациясы көпшілікті «Экстремалдарға арналған смарт-рюкзак» атты инновациялық жобасымен таңғалдырған Қостанай жоғары политехникалық колледжінің студенті Карина Кусеубаеваға бұйырды. «Жыл көшбасшысы» аталымы студенттік кеңестің президенті ретінде белсенді қызмет етіп, нәтижесінде «2025 жылғы 100 үздік колледж студенті» тізіміне енген әрі педагогикалық жасақтардың дамуына зор үлес қосқан Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжінің студенті Никита Гиршке табыс етілді. Ал «Жетістік» номинациясы «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» республикалық байқауының жеңімпазы, сондай-ақ Agroskills чемпионы – Әулиекөл ауыл шаруашылығы колледжінің студенті Чингиз Какимжановқа табысталды.
фото – Номинациялар бойынша жылдың үздік студенттері марапатталды
«Креатив» номинациясы жастар парламентінің белсендісі және рухани-мәдени, қоғамдық бастамалардың қолдаушысы ретінде танылып үлгерген Арқалық политехникалық колледжінің студенті Мейрамбек Тулегенге бұйырса, «Мейірімді жүрек» аталымы волонтёрлік қызметтері мен әлеуметтік жобаларды ұйымдастырудағы белсенділігімен ерекшеленген Рудный технология және сервис колледжінің студенті Вероника Сливаға берілді. «Шығармашыл тұлға» номинациясына Астанада өткен республикалық байқаудың Гран-при иегері атанып, халықаралық және өңірлік вокал байқауларында жеңіске жеткен Қостанай қызмет көрсету саласы колледжінің студенті Ольга Нартова лайық деп танылды. «Спорт көшбасшысы» аталымы Ашихара каратэ бойынша екі дүркін Қазақстан чемпионы және республикалық чемпионат жеңімпазы Қостанай жоғары медициналық колледжінің студенті Алдияр Каримовке табысталды. Ал «Студенттік өмірді үздік ақпараттық насихаттау» номинациясы колледж студенттік өмірін әсерлі әрі қызықты етіп көрсететін жарқын блог авторы Қостанай гуманитарлық колледжінің студенті София Виктороваға бұйырды.
– Соңғы он жыл бойы Қостанай облысының командасы WorldSkills қозғалысына белсенді әрі нәтижелі қатысып келеді. Өткен жылы біз 5 медаль жеңіп алдық: 2 алтын, 2 күміс және 1 қола. Астанада X – мерейтойлық чемпионаттың қорытындылары шығарылып жатқан шақта, біздің Қостанай облысы тағы да лайықты нәтиже көрсететініне сенімдімін. Бүгін үздік он студентті марапаттадық. Шын мәнісінде, жеңімпаздар саны әлдеқайда көп. Білімге ұмтылып, жаңалықты үйренуден қорықпайтын, қиындықтарға мойымайтын әр студент өзі арқылы өңіріміздің және еліміздің дамуына үлес қосып отыр, – деді Қостанай облысы білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Жанагуль Жумина. – Арнайы атап өткім келетін дүние – мұғалімдер мен өндірістік оқытушылардың еңбегі. Дәл осы жандар сіздерге жол сілтеп, шабыт беріп, таланттарыңызды ашуға көмектесіп келеді. Кәсіби шеберлігі мен өз ісіне адалдығы үшін оларға шексіз алғысымды білдіремін.
Іс-шараның өткені сол-ақ еді, республикалық деңгейде өтіп жатқан WorldSkills чемпионатының нәтижесі көпшілікті сүйсіндірді. Бұл жолы да Қостанай облысының құрамасы жоғары дәрежеде өнер көрсетіп, соның нәтижесінде 4 алтын, 2 күміс, 7 қола медаль мен кәсіби шеберлігі үшін 6 медальон жеңіп алды. «Желілік және жүйелік әкімшілендіру» құзыреттілігі бойынша Қостанай жоғары автомобиль көлігі колледжінің студенті Иван Чопов, «CAD Инженерлік графикасы» құзыреттілігі бойынша Қостанайдағы А.М. Горький атындағы гимназиясының оқушысы Ясмин Аубакирова, «Веб-технологиялар» құзыреттілігі бойынша Қостанай жоғары политехникалық колледжінің студенті Ильдар Суфияров, сондай-ақ «1С платформасында бизнес-процестерді автоматтандыру» құзыреттілігі бойынша Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжінің студенті Александр Бауск алтын медаль әкелді. «Электромонтаждау» құзыреттілігі бойынша Жітіқара политехникалық колледжінің студенті Данил Ярошевич, «Визуалды мерчендайзинг және витринистика» құзыреттілігі бойынша Қостанай құрылыс колледжінің студенті Егор Черноглазов күміс медальге ие болды.
«Жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету» құзыреттілігі бойынша Қостанай жоғары автомобиль көлігі колледжінің студенті Артём Кузнецов, «Кескіндеме және сәндік жұмыстар» құзыреттілігі бойынша Қостанай құрылыс колледжінің студенті Альбина Фокина, «Цифрлық модельдеу» құзыреттілігі бойынша Қостанай қызмет көрсету саласы колледжінің түлегі Анастасия Губенко, «Наубайхана шеберлігі» құзыреттілігі бойынша Қостанай жоғары политехникалық колледжінің студенті Вероника Черенкова, сонымен қатар «Кіші сыныптарда оқыту» құзыреттілігі бойынша Қостанай жоғары педагогикалық колледжінің студенті Диас Қыдырқожаұлы, «Мектепке дейінгі тәрбие» құзыреттілігінде Қостанай жоғары педагогикалық колледжінің студенті Гүлназ Мұсаева және «Тоңазытқыш және желдету техникасына қызмет көрсету» құзыреттілігі бойынша Қостанай қызмет көрсету саласы колледжінің студенті Александр Егоренков қола медаль әкелді. Бұл жеңістер – қостанайлық жастардың кәсіби шеберлігінің ғана емес, шығармашылық, көшбасшылық қабілеттері мен қоғамдық белсенділігінің айқын көрінісі.
Жамал ШАУКЕН,
Суретті түсірген автор
Жұмыс берушілермен ашық диалог
Өңірдің өрелі жастары – кәсіби шеберлік биігінде
Сердце профсоюза – в людях: лучшие моменты 2025 года
Моя цель – всю свою жизнь посвятить родному народу
Учитель – это светоч нации. Ежедневным кропотливым трудом каждый из вас вносит неоценимый вклад в развитие страны. Вы сеете семена знаний в молодые сердца и растите мыслящую нацию. Ибрай Алтынсарин говорил: «Превыше всего я ценю хорошего учителя». Педагог – ключевая фигура в построении будущего страны, поэтому ему должно быть отведено достойное место в обществе.
Я спросил у посла Японии, каким образом его страна сумела так быстро достичь высокой степени развития, стала играть в мире столь важную роль? Мне очень понравился ответ посла: «Японцы верили, что единственный способ поднять страну – это дать своим детям лучшее образование, чем они имели сами, самым важным для них было уйти от своего положения крестьян и получить образование. Поэтому в семьях огромные усилия прикладывались к тому, чтобы поощрять детей хорошо учиться в школе, чтобы они могли чего-то достичь. Из-за этого стремления постоянно чему-то учиться, через систему образования распространялись новые идеи из внешнего мира. Это одна из причин быстрого развития Японии».