Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінде Балалар жылына орайластырылған қайырымдылық балы өтті. Аталмыш іс-шара Ахаң атындағы қара шаңырақтың жылдағы дәстүріне айналған.
Жыл сайын балдан жиналған қаражат қымбат емді қажет ететін науқас балалардың немесе университеттің студенттерінің емделуіне аударылады. Биылғы қайырымдылық шарасы церебралды сал ауруына шалдыққан 7 жасар Диаз Азаматұлына қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылды. Диаздың еміне университет студенттері 256 мың теңге жинап берді.
Ауқымды іс-шараға «Зодиак» кинотеатры, «El optica» толық циклді оптикасы, «Esthetic Dent» стоматологиялық орталығы, «Aristocrat» барбершобы, А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-дің ресми бренді «Baitursynov shop», «San Seven» фаст-фуд мейрамханасы, «Tia beauty» кореялық косметика дүкені және кірпікті ұзарту шебері Dinara Guseinkulieva демеушілік жасаса, ҚӨУ-дің баспасөз қызметі мен студенттік Медиа-студия ақпараттық қолдау көрсетті.
Бағдарлама аясында қатысушылар корольдік, классикалық және заманауи бағытта 3 вальс биледі. Сонымен қатар әр институт визиткалар дайындап, анимациялық фильмдердің кейіпкерлерін сомдады. «DreamWorks» анимациялық студиясын ауыл шаруашылығы институты ұсынды. «Disney» студиясының кейіпкерлерін инженерлік-техникалық институттың студенттері сөйлетті. Педагогикалық институт «Pixar» студиясының анимациялық кейіпкерлерін көрсетті. Ал Экономика және құқық институты «Союзмультфильм» анимациялық студиясының өнімдерін ұсынды.
Әсем балға қатысушыларға Жастар ресурстық орталығының директоры Абай Дүйсеков, «Өнер» мәдениет үйінің хореографы, «Бадрисафа» би ансамблінің жетекшісі Саяхат Сумамбаева, «Қостанай облысының спорттық би федерациясы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Андрей Нужный және бал билерінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, «Хоум» шығармашылық студиясының директоры Владислав Сахно қазылық етті. Ал арнайы қонақ ретінде 2019 жылғы қайырымдылық балының ұйымдастырушысы, қазіргі уақытта Ахаң атындағы қара шаңырақтың докторанты Әлиев Орынбай шақырылды.
Біріншіден, көмекке мұқтаж жанға үміт сәулесін сыйласа, екіншіден, өнер арқылы әлемді әдемі етеуге деген ұмтылысты біріктірген қайырымдылық балы алдағы уақытта жалғасын таба бермек.
Жамал ШАУКЕН,
суретті түсірген
Амангелді ТЕЛЬМАНОВ
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.