Мамандық таңдау жасөспірім шақтағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін ғана таңдау міндеті тұрады.

Статистикалық деректерге сүйенсек, әлемде 40 мыңға жуық мамандықтар бар екен. Олардың бірі ежелден келе жатса, енді бірі заман талабына сай туындаған. Дегенмен жол саласында мамандар тапшылығы мәселесі әлі де өзекті. Бұл жағдайдың алдын алу мақсатында «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» Қостанай облыстық филиалының басшысы мен мамандары өткен жылы қаламыздың бірнеше оқу орындары мен білім ордаларын аралап, мектеп оқушыларына ақпарат берді. Пандемия орын алған соң, мұндай кездесулер онлайн форматқа көшті.
Қазақстанда 7000-нан астам мектеп бар, әр мектептен 1-2 бала жолшы мамандығын таңдаса, 10 жыл ішінде бұл саладағы маман тапшылығы мәселесі шешілер еді. Айтуларынша, жол саласындағы мамандардың жалақысы жоғары әрі әрдайым сұранысқа ие. Өйткені елімізде жыл сайын мыңдаған шақырым автомобиль жолдары салынып, жөндеуден өтеді. Бұл мамандыққа мемлекеттік тапсырыс көлемі де аз емес. Мәселен жыл сайын шамамен, құрылыс жұмыстары мамандығына – 2800, электр энергетикасы және автоматтандыруға – 2200, автокөлік құралдары мамандығына – 700, көлік қызметіне – 600, материалтану және технологиялар мамандығына – 300, жалпы жол саласына қатысты мамандықтарға – 9570 грант бөлінеді.
Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет. Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен, өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық орын алып, болашаққа жоспар құрғысы да келмейді. Сол себепті әрбір адам өзін дамыту үшін білім алып, соған сай мамандыққа машықтануы керек.
Мадина ӘБІЛДИНОВА,
С.Мәуленов атындағы гимназия
биология пәнінің мұғалімі,
Қостанай қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.