Он саусағынан бал тамған маман

Выпуск - №11 (407)   :   16.03.2020
515

Арқалық политехникалық колледжінде колледжшілік WorldSkills байқауы өтті. Оған «Тамақтандыруды ұйымадастыру» және «Аспаз» мамандығы бойынша 3-курс білім алушылары арасынан 6 үміткер қатысты.

Оларға жеке-жеке тоқталар болсақ: Наргиз Тілеубаева, Ақмарал Махыш, Камила Қабдығалық, Ақбота Сағынтаева, Станислав Холковский, Нұрислам Тілеубай. Байқау кәсіби маман даярлаудың сапасын арттыру, білім алушылар арасында өз мамандығының үздігін таныту, аталған мамандықтың беделін көтеру, тәлімгерді анықтау және қолдау көрсету мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыру бағытын көздеді.

Байқаудың ашылу салтанаты Арқалық политехникалық колледжі базасының шеберханасында өтіп, оған колледж директорының міндетін атқарушы И.Крыжанова, директордың ӨО жөніндегі орынбасары Г.Жайлаубаева, директордың кәсіптік оқыту жөніндегі орынбасары Е.Исмагулов, аға шебер Б.Тургаев қатысты. Сарапшы мүшесі өндірістік оқыту шеберлері А.Руденко, И.Еденова және Н.Әлімжан болды.

Байқау 4 модульден тұрды: «FINGER FOOD», «Куриный суп-пюре», «Печень по-строгановски, картофель пай», десерт «Вкусняшка». Бағалау объективті және субъективті түрде жүргізіліп, сарапшы топтар максималды 10 баллмен бағалады. Айта кететіні, алғашқы можульді білім алушылар ағылшын тілінде таныстырды. Байқаудың әр кезеңінде қатысушылар өздерінің жан-жақтылығын көрсете білді. Байқау кезеңдерінің тапсырмаларды орындау арқылы білімі мен кәсіби шеберлігі бағаланды.

Студенттерге қойылған басты талап – жеке гигиенаға мән беру, жұмыс орнының тазалығы, астың жасалу жолы, тағам қалдығы, уақыт бойынша үлгерімі, температура, міндетті компоненттерді қолдану. Одан бөлек, әлбетте дайындалған тағамдардың сапасы, ұйымдастырылуы, құрамының сақталуы, ұқыптылығы, тағамның дәмі, түрі басты назарда болды. Артынша қатысушыларға тапсырма сипаттамасы, ингредиенттер, жабдықтар жазылған арнайы нұсқаулық үлестірілді.

Барлық тапсырма бойынша шапшаңдығы, білімі мен тәжірбиесін көрсете білген Нұрислам Тілеубай 710 ұпаймен І орынға, Камила Қабдығалық 690 ұпаймен ІІ орынға, Наргиз Тілеубаева 668 ұпаймен ІІІ орынға ие болды. Колледжішілік сайыс барысында жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі мадақтамаларымен марапатталды. Ал байқаудың жеңімпазы Нұрислам Тілеубай облыстық WorldSkills Kostanay чемпионатына қатысуға жолдама алды.


Индира ЕДЕНОВА,
Нұргүл ӘЛІМЖАН,
Арқалық политехникалық
колледжінің өндірістік
оқыту шеберлері

ГЛАВНЫЕ НОВОСТИ

Путь, заданный великим учителем

Вчера в 14:44

Патриотическое воспитание

Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия

Вчера в 14:40

Профессиональное содружество

Эффективное взаимодействие педагогов и родителей

Вчера в 14:36

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

История первого детского сада Лисаковска

Вчера в 14:33

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

Актуально

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.