Өнегелі отбасы құндылығы дәріптелді

Выпуск - №6(503)   :   10.02.2022
472

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінде отау тігіп, шаңырағын берекеге толтырып отырған білім алушыларымыз бар. Оларға білім беріп қана қоймай, болашақта өнегелі отбасылардың қатырын толықтыруы үшін ақыл айтып отыру керек деп есептейміз.

Осы мақсатта колледжде Арқалық қаласының құрметті азаматы, ардагер-ұстаз, Арқалық қаласының ардагерлер кеңесінің төрағасы, ардақты әке Жәнібек Ғаппасұлымен және жұбайы ардагер-ұстаз, әнші, аяулы ана Қарлығаш Жақыпбекова анамызбен жас отбасылар мен білім алушылар арасында кездесу ұйымдастырдым. Кездесудің мақсаты – жас отбасыларымызға өнегелі ұл, тәрбиелі қыз тәрбиелеп, 50 жыл бойы бір шаңырақ астында тұрып, өмір өткелдерінен қол ұстасып өтіп келе жатқан Жәнібек әкеміз бен Қарлығаш анамыздың отбасын үлгі етіп көрсету және тағылымы мол тәрбиеге толы әңгімелерін тыңдап, сұхбаттасу болды.


Кездесу барысында Жәнібек әкеміз бен Қарлығаш анамыз қалай танысқандарын және отбасында орын алған дау-жанжалды қалай шешу керектігін, үлгілі отбасы болып, ұрпақ тәрбиелеуде қандай асыл қасиеттер қажет екендігін өздерінің өмірлік тәжірибелерін үлгі ете отырып, әңгімелеп берді. Ардақты қонақтарымыз «Үйлену оңай, үй болу қиын» екендігін баса айтып өтті. Сондай-ақ сабырлық, шыдамдылық, төзімділік сияқты асыл қасиеттер үлгілі отбасы болудың алтын кілті екендігіне де жастардың назарын аударды. Мәселен, Жәнібек әкеміз қабағын түйіп, қатты қараған сәттерде Қарлығаш анамыз тәтті етіп жымиып, жылы жүзін төге салуы да отбасылық жылулықтың құпиясы екендігін айтып берді.


Отбасы – әрбір қоғамның бастамасы. Атақты қазақ ақыны Қасым Аманжолов өзінің жарына арнаған бір өлеңінде: «Отбасы – шағын мемлекет, мен – президент, сен – премьер», – дегені бар. Шынында да отбасыларды шағын мемлекетке теңеуге болады. «Әр елдің заңы басқа, иттері қара қасқа» дегендей, әрбір жанұяның жылдар бойы қалыптасатын өзіндік дәстүрлері болады. Жас отаудың түтіні түзу шығып, босағасы берік болуы көбінеки ер жігіт пен қалыңдықтың үлкен үйде алған тәрбиесі, көрген өнегесіне байланысты. «Анасын көріп, қызын ал» деген тәмсіл осыдан қалса керек.


Кездесу барысында білім алушыларымыз өнерлерін де ортаға салды: әуезді ән салып, музыка бөлімінің шәкірттері күмбірлете күй тартып берді. Артынша қонақтарымызға да қолқа салып, «қонақ кәде» сұрады. Көптеген жылдар бойы ұстаз болған Қарлығаш апайымыз өнегеге толы термені нақышына келтіріп орындап берді. Кездесу соңында Жәнібек әкеміз бен Қарлығаш анамыз бақытты ғұмыр кешу үшін, өнегелі, үлгілі отбасы болу үшін сыйластықтың ажырамас рөліне тоқталып, жоғарыда айтылған асыл қасиеттердің бойымыздан табылуының маңызды екендігін атап өтті. Білім алушыларымыз, өз кезегінде, тағылымды кездесуден ерекше әсер алғандарын айтып берді.


Айнұр ДАКАР,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық колледжінің
педагог-психологы,
Арқалық қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.