Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінде жас таланттардың өнердегі қадамын шыңдап, жаңа есімдерді таныту мақсатында жастар ісі жөніндегі комитет ұйымдастырған «Жас талап-2026» дарындар додасы биыл да жалғасын тапты.
Дәстүрге айналған байқауда жүзден жүйрік шыққан жастар хореография, вокал, аспапта орындау, театр өнері, авторлық ән, авторлық өлең, айтыскер ақындық, жүргізушілік өнер аталымдары бойынша өзара бақ сынасты. Сайыс барысында қатысушылар өздерінің білімін, шығармашылық әлеуетін, көшбасшылық қабілеті мен тың идеяларын ортаға салып, өнердің сан түрлі қырынан танылды. Қазылар алқасы үміткерлердің дайындық деңгейін, сахна мәдениетін, шығармашылық ізденісі мен қойылған талаптарға сай келуін жан-жақты бағалады. Әр топ 20-25 минут көлемінде концерттік бағдарламасын ұсынып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
Колледж әдіскері Бағжанат Сарсембаева, педагогика және қазақ тілі пәнінің оқытушысы Луиза Ақылбекова, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің оқытушысы Сағдат Нугманов, колледждің вице-президенті Айкерім Сағадатқызынан құралған қазылар алқасы сахна тәртібін қатаң қадағалап, өнерпаздардың өнерін әділ әрі жан-жақты бағалады. Сайыс қорытындысы бойынша бас жүлде АО-1 тобына бұйырды. І орынды ДМ-11 тобы иеленсе, ІІ орынды БМ-11 тобы қанжығасына байлады. Ал ІІІ орынды БМ-12 және МД-12 топтары теңдей бөлісті. Сонымен қатар қатысушы топтар әртүрлі номинациялар бойынша марапатталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы дипломдар табысталды.
Өнер туралы сөз қозғаған кезде, сыншы Әшірбек Сығайдың: «Қазақтың жүрегі тоқтамасын, өнердің жүрегі тоқтамасын деп отырғаным – сол. Өнерін өлтіріп алған қазақ ел болып оңбайды, елінен айнып қалған жүрек жүрек болып соғып жарытпайды. Екеуі – бөлінбес бір бүтін, тұтас дүние деп есептеймін», – деген тағылымды сөзі еске түседі. Расында, ұлттық құндылықтарды дәріптеп, өнерді ұлықтаудың маңызы зор. Талпынысы мол талантты жастардың алдағы уақытта биік белестерден көрінеріне сенім мол. Бұл жолда «Жас талап-2026» байқауы жастардың өзіне деген сенімін арттырып, болашаққа нық қадам жасауына үлкен мүмкіндік берді. Осындай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табарына сенім білдіреміз.
Ниязбек ОРАЗОВ,
Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық
колледжіндегі жастар ісі жөніндегі комитеттің төрағасы,
Арқалық қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.