Пилоттық жоба жүзеге асырылуда

Выпуск - №37 (484)   :   24.09.2021
630

«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын оқу-тәрбие процесіне интеграциялау бойынша облысымызда бірнеше оқу орындары пилоттық жобаға енгізілді. Оның қатарында біздің Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі де бар.

Пилоттық жоба 2021-2023 жылдарға арналған. Жоба «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын оқу тәрбие процесіне интеграциялауды көздейді. Осы мақсатты негізге ала отырып, колледжімізде жуырда әдістемелік кеңес өткізіліп, онда шығармашылық топ құрамы бекітіліп, жұмысты бастап та кетті. Жұмысшы шығармашылық топ құрамында жоба жетекшісі, жоба кеңесшісі, жоба үйлестіруші, жоба сарапшылары және жобаны жүзеге асырушы бірнеше менеджерлер қамтылған. Директор жанындағы отырыста пилоттық жобаны жүзеге асыру бойынша құрылған іс-шаралар кешені мен жұмыс жоспары талқыланды.

Жұмыс жоспары негізінде ауқымы кең, ерекше іс-шаралар іріктеліп, контент жоспарға тоғыстырылды. Контент жоспардағы іс-шаралар, пилоттық жобаға енген оқу орындарының қызметін жария ету мақсатында Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының ресми сайтында және әлеуметтік парақшаларда жарияланатын болады. Пилоттық жобаны жүзеге асыру барысында колледжде эксперименттік топтар анықталды. Пилоттық жоба шеңберінде анықталған эксперименттік топтарға сабақ беретін барлық оқытушылар, сабақтарын «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасымен кіріктіруі талап етілді. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасымен кіріктірілген ашық сабақтар, сыныптан тыс шаралар мен ақпараттық үгіт-насихат жұмыстары біріздендірілді.

Пилоттық жобаны жүзеге асыру жоспарында «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының басты «Сүйіспеншілік», «Дұрыс әрекет», «Ішкі тыныштық», «Қиянат жасамау», «Ақиқат» атты 5 құдылығына басымдылық танытылған. Адамдар арасындағы сүйіспеншілік пен құрмет тақырыбының ақсап тұрған шағында бұл пилоттық жобаның атқаратын қызметі зор болмақ. Білім алушыларға рухани құндылықтарды бағалауды дәріптеу үшін тұлға ең бірінші өзін танып-білуі керек. Өзін-өзі жақсы танығанда ғана өзгені түсіне аларымыз хақ. Олай болса пилоттық жоба келшегінен үлкен үміт күтеміз.


Гүлхашима ОРАЗОВА,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық
колледжінің әдіскері,
Арқалық қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.