«Пирамида» студенттік қоғамы – ғылыми болашақ ордасы

Выпуск - №22(619)   :   07.06.2024
521

3

Қостанай жоғары педагогикалық колледжінде болашақ мамандардың зерттеушілік мәдениетін қалыптастыруға және дамытуға барлық жағдай жасалған. Ғылыми студенттік қоғамды дамыту – білім ордасының басым бағыттарының бірі.

Соған орай, оқытушылар мен басқа да мамандардың жетекшілігімен ғылымның белгілі бір саласында білімін жетілдіруге, интеллектін дамытуға, зерттеушілік дағдыларды меңгеруге ұмтылатын білім алушылардың ерікті шығармашылық бірлестігі – «Пирамида» ғылыми студенттік қоғамы құрылған. Өткен 2023-2024 оқу жылында ғылыми студенттік қоғамына колледж білім алушылары мен оқытушылары кірді.

2


Энциклопедиялық ілім иесі болған ғалым Әбу Насыр әл-Фараби: «Ғылым – адам өміріндегі ең қызықты, ең әдемі нәрсе», – деген. Қызығушылық – оқудың ең тиімді мотиві. Сондай-ақ, ол – зерттеу жүргізуге және жаңа нәрселерді үйренуге ең маңызды ынталандырудың бірі. Сондықтан да, қоғам жиналыстарын стандартты емес жұмыс түрлерімен толтыруға, білім алушыларды қызықтыратын және олардың ғылыми-зерттеу іс-әрекетіне пайдалы тақырыптарды бөліп көрсетуге тырысамыз.
Өткен оқу жылында ғылыми студенттер қоғамының отырысы тұрақты түрде айына бір рет өткізіліп тұрды. Ғылыми студенттік қоғам мәжілістерінде зерттеуші мектеп жұмысының аясында «Шешендік өнердің негіздері», «Психоэмоционалды өзін-өзі реттеу әдістері» сынды тақырыптар талқыланып, электронды презентациялар жасау бойынша шеберлік сыныбы өткізіліп, буклеттер мен брошюралар, шығармашылықты дамыту бойынша шеберлік сыныптары, интеллектуалды ойындар, көрмелер ұйымдастырылды. Білім алушылардың ғылыми-зерттеу әрекетін қызықты етіп, оны пайдалы біліммен толықтыруға әрекет жасалуда.

1


«Өмірдегі ғылым. Ғылым өмір үшін» атты ғылым апталығы өткізіліп, оның аясында колледж білім алушылары мен оқытушылары үшін күн сайын жоспарлы түрде түрлі бағыттағы іс-шаралар қолға алынды. Олар: «Объективтегі ғылым» фотобайқауы, «Шекарасыз ғылымдар» тақырыбында кітапханадағы кітап көрмесі, «Ақылдылар» зияткерлік ойыны, «Гимнастика для ума» интерактивті алаңы, «Жаңа көкжиектерді ашу» зерттеу тренингі, «Ғылыммен – болашаққа» атты студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының байқауы.
Колледжімізде жыл сайын Ғылым апталығын өткізу игі дәстүрге айналған. Бұл күндері білім алушылар мен олардың тәлімгерлері өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының дайын өнімдерін ұсынып, білім деңгейлерін көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.
Үстіміздегі жылдың жұмыс жоспарына сәйкес, «Пирамида» ғылыми студенттік қоғамының кезекті жиналысы өтті. Отырысқа аталған қоғамның мүшелері және колледж оқытушылары қатысты. Басқосудың күн тәртібінде: «Пирамида» ғылыми студенттік қоғамының 2023-2024 оқу жылындағы жұмысы есебі, сондай-ақ осы қоғамның 2023-2024 оқу жылындағы жұмысының қорытындысы бойынша білім алушылар мен оқытушыларды марапаттау, оған қоса рефлексия, пікір алмасу сынды мәселелер қаралды.
Отырысқа қатысушылар «Пирамида» ғылыми студенттік қоғамының өткен оқу жылындағы жұмысының есебімен танысты. Алқалы жиын модераторы білім алушылардың түрлі деңгейдегі конференцияларға, жарыстарға және олимпиадаларға қатысу мониторингін ұсынды. Оқу жылы барысында ғылыми студенттік қоғам мүшелері халықаралық, республикалық, облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда, байқауларда, олимпиадаларда өз жұмыстарын ұсынды. Колледж қоржынын бірінші орындармен толықтырған білім алушыларымызды мақтан тұтамыз. Олар: Мария Утельбаева, Султан Кусаинов, Камила Дущанова, Алан Кусаинов, Зайнура Болих, Айдана Мусапирова, Олег Николенко, Асия Егинбаева. Белсенді әрі талапты білім алушалардың қатары жыл өткен сайын артуда.
«Пирамида» ғылыми студенттік қоғамының отырысының қорытындысы бойынша, Google-формасы арқылы колледж білім алушылары мен оқытушыларына кері байланыс берілді. Сонымен қатар, алдағы 2024-2025 оқу жылында «Пирамида» ғылыми студенттік қоғамының жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныстар жасалды. Қатысушылар ғылыми студенттік қоғамының жұмыс жоспарына білім алушылардың ғылыми-зерттеу іс-әрекетін жандандыруды, ғылыми-зерттеу мектебінің жұмысын жалғастыруды, қызықты адамдармен кездесулерді енгізуді ұсынады.

Мөлдір ҚАСҚЫРБАЕВА,
Қостанай жоғары
педагогикалық
колледжінің әдіскері

Реклама

Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.