Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің жанынан құрылған «Жасампаз – жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігінің ұйытқы болуымен «Психологиялық қызметті ұйымдастыру» жобасы жүзеге асырылды.

Педагогтердің біліктілігін арттыру – бүгінгі күннің уақыт күттірмес мәселелерінің бірі. Өйткені заман талабы сағаттар сайын өзгеріп жатқанда оқытушы ұстаздарымыз жаңа технологиялар мен педагогикалық әдіс-тәсілдерден кейін қалып қоймауы керек. Талаптар бойынша есептесек, әр оқытушы жыл сайын кемінде 36 сағаттық біліктілігін арттыру курсынан өту талап етілген. Нәтижесінде 5 жылдық оқытушыларды аттестаттаудан өткізілу сәтіне дейін, әр мұғалімде 180 сағат біліктілігін арттыру курсынан өтілгендігі талап етілген. Сондықтан да әр кәсіби маман үшін біліктілік арттыру бұрынғыдан да маңызды.
Десек те, бұл мәселені шешу үшін көбіміз міндетті түрде ақылы оқу курстарына жазыламыз. Ал ақылы курсты өту қаражат мәселесіне тірелгендіктен, көп оқытушылардың мүмкіндігі келе бермейді. Осындай түйткілді мәселелерді шешуде биылғы Арқалық қаласы әкімдігінің білім бөлімі педагог-пихологтар үшін тегін семинар өткізу бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа оқу-жаттығу курсын ұсынды. Жоба шеңберінде ауыл және қала мектептері мен балабақша психологтары тегін біліктілігін арттыру мүмкіндігіне ие болды. Бұл сауапты да пайдалы іс екендігіне жобаны жүзеге асыру барысында, өткізілген біліктілікті арттыру жұмысы дәлел бола алды.
Нәтижесінде «Психологиялық қызметті ұйымдастыру мәселесінің теориялық зерттелуі және оны тәжірибеде қолданудың тиімді жолдарының айқындалуы» бағдарламасы аясында «Психологиялық қызметті ұйымдастыру» жобасын, Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің тапсырысымен Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің жанынан құрылған «Жасампаз жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігі жүзеге асырды.
Жоба білім беру ұйымдарының педагог-психологтарының жұмысын ұйымдастыру диагностикалық және түзету әдістемелерін тиімді пайдалану, мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатын көздеді. Аталмыш жобаның жоспарына сәйкес, 2021 жылдың 24-30 мамыр аралығында оқу-жаттығу семинар сабағы ұйымдастырылды.
Семинарға қала және ауыл мектептері мен балабақшаларының педагог-психологтарынан, жалпы саны 45 адам қатысты. Жеті күнге жалғасқан оқу семинарында психолог мамандар кәсіби біліктілігін арттыруда, теориялық және тәжірибиелік жұмыстарға қатысып, профилактикалық ағарту жұмыстарын, психодиагностикалық іс-шара, түзету, дамыту жұмыстары мен кеңес беру техникаларын меңгерді.
Курсты Нұр-Сұлтан қаласы психологтарының қоғамдық бірлестік өкілі Ақгүл Молдабекова жүргізді. Курсқа қатысқан психолог мамандар «Мектептегі психологиялық қызметтің маңызы және оны ұйымдастыру жолдары» тақырыбындағы педагог-психолог мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру бойынша 72 сағат көлемінде оқу курсын аяқтады. Семинар сабақ қазіргі таңда өзектілігі жоғары болып отарған жасөспірімдер арасындағы психологиялық ахуалды қалыпты жағдайға келтіруге септігін тигізеді деген сенімдеміз.
Гүлхашима ОРАЗОВА,
«Жасампаз жастар ұйымы»
қоғамдық бірлестігінің төрайымы,
Жадыра ҚОЖАХМЕТОВА,
Арқалық қаласының
білім бөлімінің психологы
Областная образовательная газета «Учительская плюс» – это настоящая педагогическая копилка. В одном номере можно увидеть работу самых разных учителей со всей области, разные направления, почерпнуть ценный опыт. Можно, конечно, что-то и в соцсетях прочитать, но там надо искать, заходить к каждому на страничку отдельно, а газету открываешь – и всё костанайское образование перед тобой, вся наша учительская жизнь. Я с удовольствием рассказываю о своей работе, о своих методах, об успехах моих воспитанников. Газета помогает мне делиться своими идеями и вдохновляться работами коллег.
Думаю, что безо всякой агитации каждый учитель, воспитатель, психолог должен иметь газету «Учительская плюс». Как без неё узнавать, как работают ваши коллеги, что нового в методике преподавания, поделиться своим опытом?
В своё время, будучи завучем средней школы, я обобщала лучший опыт учителей своей школы, знакомила их опытом работы других, и вообще не представляю педагога без настольной газеты «Учительская плюс» и своего предметного журнала, откуда черпаешь все новинки методической работы.
Поэтому совет вам, дорогие молодые коллеги: не опоздайте выписать, не останьтесь без профессиональной помощи газеты «Учительская плюс»!