Республикалық акция шеңберінде

Выпуск - №42 (539)   :   28.10.2022
637

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің жатақханасында студенттердің Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту мақсатында «Қыран елім – Қазақстаным» Республика акциясы шеңберінде үш күндік іс-шара ұйымдастырылды.

«Жақсылар жанын қиды қасіретпен,
Алаштың ерлері бар асыл өткен.
Арманым болмас еді-ау туған елім,
Гүл жайнап, қазақ болып тасып өтсем.
Өр елім, маңдайыңнан жарық көрдім,
Бабалар өнегесін алып келдім.
Ескерткіш елім үшін орнатпасам,
Мына жалған өмірге неғып келдім?», – дей отырып, Республика күні – еліміздің тәуелсіздік жариялауына негіз болған айтулы күн екенін айтқым келеді. Дәл осы күні, қазанның 25-інде еліміз декларация жариялап, мемлекеттің тәуелсіздігін айқындады. Бұл – елімізді тәуелсіз мемлекет ретінде танытқан алғашқы оқиға. Тәуелсіздігіміздің кірпішін қалап берген бұл күнді мереке етіп өткізу қазақ халқының қуанышы деп білемін. Мерекеге орай жатақханамызда үш күндік іс-шара өткізілді.

Бірінші күні «Тәуелсіз елім тірегім!» атты тақырыпта тәрбиешілеріміз Д.Чунч пен Ж.Искендированың ұйымдастыруымен әр қабат газет шығарып, қолдан жасалған бұйымдардан көрме өткізді. Екінші күні «Тарихы терең мұражай» тақырыбында тәрбиеші Ж.Бирмаканованың жетекшілігімен 1-курс студенттері қала мұражайына саяхат жасады. Үшінші күні «Қазақстан – туған елім, ұлы өлкем!» атты тақырыпта тәрбиеші Ж.Бирамканованың ұйымдастыруымен жатақхана алдында кең көлемде қойылым ұйымдастырылды. Осылайша мерекеге арналған үш күндік іс-шаралар жоғары деңгейде өтіп, әр студент ойларын жеткізіп, тілектерін жолдады.

Ұлы ағартушы, халқымыздың рухани көсемі А.Байтұрсынов: «Балам деген жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан өссін», – деген екен. Біз сіздерге тек перзентіміз емес, еліміздің ертеңі, нұрлы болашағы деп қараймыз. Мұхаммед Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Жастық шақта алған білім – тасқа ойылған нақыш», – деген екен. Ендеше жастар осы кезден бастап терең білімді меңгеруі керек. Оларға туған еліміздің биікке ұшар сұңқары, бәйгенің алдын бермес тұлпары болыңдар дегім келеді.


Жанар ХАМИТОВНА,
Т.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық колледжі
жатақхана тәрбиешісі,
Арқалық қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.