Рухы биік, қайсар жандар

Выпуск - №41(488)   :   23.10.2021
485

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің жастар ісі жөніндегі комитеті бірегей бастаманың жүзеге асуына себепкер болды. Нақтырақ айтар болсақ, жаны жайсаң, жүрегі жомарт жандардың қайырымдылық концерті өтті.

Н.Құлжанова атындағы колледж бен Арқалық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызмет алушылары бірлесіп ұйымдастырған іс-шараға отызға жуық адам қатысты. Концертте мүмкіндігі шектеулі, рухы биік жандар ән айтып, би биледі. Сонымен бірге күмбірлете күй тартылды. Іс-шараның ұйымдастырылуына оқу орнының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, жастар ісі жөніндегі комитеті және психолог ат салысты.

«Олардың мүмкіндігі шектеулі болса да, жаны – таза. Арасында өнерлі, дарынды жандар да бар. Біз олардың өз өнерін көрсетуіне мүмкіндік бердік», – деді Арқалық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының мәдени ұйымдастырушысы Дариға Сакулова. Көңілдері баладай, жүректері даладай дархан жандардың жанында шынайы қуаныштың лебін сезіндік. Жүріп өткен жолдарымен, төзімділіктерімен көпке үлгі. Күншіл тағдыр қудалағанның өзінде олар жоғары өрлейді, мүмкіндігі шектеулі болса да тілектері биік келеді. Олар – кең пейілдіктің, ізгіліктің және бар қаhармандықтың жұрт таныған бастауы. Иә, біз жәй ғана олардың жүздеріне қуаныш ұялаттық, ал олар, бір ғасырға татитын бағалы сәт сыйлады. Қазақ жетімін жылатпаған, кемтарын кемсітпеген текті жұрт.

Адам қай кезде болсын рухани құндылық іздейді, тіпті кей жағдайда оған материалдық игіліктің қажет болмауы да мүмкін. Ал мейірім, жылы сөз, рухани қолдау әрқашан маңызды, барлық кезде де өзекті. Егер ол адамның мүгедектігі болса, тіпті. Оларды тіпті сіз мүмкіндігі шектеулі деп те айта алмайсыз. Арасында мүгедектігі жайлы суырылып шығып, өз проблемасын өзгеге айтқысы, естірткісі келетіндер аз. Өйткені, олар намысқой, шыншыл. Сонысымен де бұл инклюзивті әрі «нәзік тақырып».

Жаны қазақтың дархан даласындай кең жандарға рухани демалыс сыйладық. Барлық студент-волонтерлер өздеріне жүктелген міндеттерді лайықты орындап, барлық кемшіліктері мен артықшылықтарын сезіне алды. Олардың өмір сүру сапасын жақсарту, жұмыспен қамту мәселелері назардан тыс қалмауы қажет.


Ниязбек ОРАЗОВ,
Жастар ісі жөніндегі
комитетінің төрағасы,
Арқалық қаласы

Реклама

«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.

Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!

Школу-гимназию им. Абая г. Аркалыка и газету «Учительская плюс» связывают годы крепкой дружбы. Педагоги школы всегда проявляют искреннее желание подписаться на издание, ведь они горят своим делом и хотят публиковать статьи, транслируя свой опыт. Газета стала для нас незаменимой диалоговой площадкой, где каждый педагог может щедро делиться своим уникальным опытом, профессиональными открытиями и мастерством. Возможность сотворчества с такой авторитетной газетой для меня бесконечно ценна.