Рухы биік жандарға қолдау

Выпуск - №40(688)   :   24.10.2025
248

1

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің жастар ісі жөніндегі комитеті Арқалық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызмет алушыларына «Рухы биік жандар» атты қайырымдылық концертін өткізді.

Іс-шараның басты мақсаты – орталық тұрғындарына рухани қолдау көрсету, олардың өмірге деген құлшынысын арттыру, сондай-ақ жастардың бойында ізгілік пен адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру болды. Концерт барысында колледж студенттері мен шығармашыл жастар ән шырқап, би билеп, көңілді тренингтер ұйымдастырды. Әсем әуен мен жылы сөздер орталықтағы жандардың көңілін көтеріп, оларға қуаныш сыйлады.
Көңілдері баладай, жүректері даладай дархан жандардың жанында шынайы қуаныштың лебін сезіндік. Олар – жүріп өткен жолдарымен, төзімділігімен көпке үлгі. Күншіл тағдыр қудалағанның өзінде биік рухынан таймай, мүмкіндігі шектеулі болса да, тілектері асқақ келеді. Осы бір жандар – кең пейілділіктің, ізгіліктің және нағыз қаһармандықтың шынайы символы деп білеміз. Қазақ халқы ежелден жетімін жылатпаған, кемтар жанды кемсітпеген. Адам қай кезде де рухани құндылық іздейді, ал мейірім мен жылы сөздің құны ешқашан төмендемейді. Рухани қолдау – кез келген қоғамның басты байлығы.
Өнегелі іс-шара соңында орталық қызметкерлері мен тұрғындары ұйымдастырушыларға шынайы ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты. Мұндай игі істер – қоғамдағы бірлік пен мейірімділіктің мызғымас айғағы. Ерекше жандардың өмір сүру сапасын жақсарту мен оларды жұмыспен қамту мәселелері әрдайым назарда болуы тиіс.

Ниязбек ОРАЗОВ,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық
колледжінің жастар ісі
жөніндегі комитетінің төрағасы,
Арқалық қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.