Сағынышқа толы кездесу

Выпуск - №20(416)   :   14.05.2020
505

Амантоғай жалпы білім беретін орта мектебінде бір кездері аталмыш білім ордасын тәмәмдап кеткен түлектермен сағынышқа толы кездесу өтті. Бұндай шара мектеп ұжымының жылдағы дәстүріне айналған.

Өмірдегі ең бір ұмытылмас шақтардың бірі мектеп қабырғасында өтеді. Уақыт ұзаған сайын мектепте өткен кезеңдер ұмыт болып, ара-тұра естеліктермен ойға оралады. Кез келген адам өзін бір кездері алтын ұя мектебіне, білім нәрімен сусындатқан аяулы ұстаздарына, сыныптас достарына үлкен сағынышпен аңсап жетері сөзсіз. Осыған орай жылдағы дәстүрге сай биыл да «Жас Ұлан» оқушылар ұйымының ұйытқы болуымен сағынышқа толы кеш «Жарқын жастық – баянды болашақ» тақырыпта өтті.

Аталмыш кешке өткен жылы және одан арғы жылы бітірген мектеп түлектері жиналды. Мектебіне, достарына деген сағыныштары кеудесін кернеп, әсем безендірілген залға барлығы көтеріңкі көңілмен кірді. Басқосу әр түрлі тапсырмалар орындатып, сұрақтарға жауап берумен басталды. Кешіміздің себепшісі болған студенттерге мектеп қабырғасында өткен қызықты күндерін еске алғызып, мамандық таңдауда басшылыққа алатын қағидалар жайлы оқушылар тарапынан сұрақтар қойылып, қанағаттанарлықтай жауап ала білді.

Жылы атмосферада жалғасқан кеш оқушылар ұйымы әзірлеген көңілді концертпен қыза түсті. Бір кезде тарыдай болып мектеп табалдырығын аттаған оқушылар қазіргі уақытта еліміздің әр қаласында жүрек қалауымен таңдаған мамандықтары бойынша жоғары оқу орындарында білім алуда. Сол оқу орындарында түлектеріміз мұғалімдердің еңбегін ақтап, аз ғана уақыт ішінде жеткен жетістіктерін атап өтті. Мәселен 2017 жылғы мектеп түлегі Томирис Кәрімжанқызы Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің атынан студенттер арасындағы халықаралық жарыстан жүлделі орынға ие болғанын айта кеткен жөн.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үстіміздегі жылды «Еріктілер жылы» деп белгіледі. Дәл осы бағытта мектеп түлегі Көркемжан Иқсан университет қабырғасында «Доброе сердце» жобасына ат салысып, мейірімге толы жылға өзіндік үлесін қосып жүр. Бұл жетістіктер мектебіміз үшін зор қуаныш және жақсы нәтиже. Кеш соңында студенттер қолға қалам ұстатқан, тәлім-тәрбие берген ұстаздарына алғыстарын білдіріп, 11-сынып оқушыларына алдағы сынақтан сүрінбей өтулеріне тілектес болып, жылы лебіздерін білдірді. Біз де өз тарапымыздан олардың биіктен көрініп, мектеп мерейін арттыра түсуіне тілектестік білдіреміз.


Әсемай СҮЙІНДІКОВА,
Амантоғай ЖББМ
11-сынып оқушысы,
«Жас Ұлан» оқушылар
ұйымының мүшесі,
Амангелді ауданы

ГЛАВНЫЕ НОВОСТИ

Путь, заданный великим учителем

Вчера в 14:44

Патриотическое воспитание

Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия

Вчера в 14:40

Профессиональное содружество

Эффективное взаимодействие педагогов и родителей

Вчера в 14:36

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

История первого детского сада Лисаковска

Вчера в 14:33

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

Актуально

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.