Саламаттылыққа бағытталған акция

Выпуск - №18(414)   :   30.04.2020
673

Жер жаһанды жаулап жатқан коронавирустың салдары баршамызға аян. Осы тұста Арқалық қаласындағы Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі жастар ісі жөніндегі комитетінің ұйымдастыруымен қала тұрғындарына тегін маска таратылды.

Халықтың ыстық ықыластары мен ізгі тілектеріне бөленіп, ақ батасын алған еріктілеріміздің сезімдерін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Олар тұрғындарға: «Бұл таққан маскаларыңыз соңғысы болсын, бұдан кейін ешқашан ауырмаңыздар», – деген жүрекжарды лебіздерін білдірді. Ғасырлар мақсаты – қоғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшу кезінде саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы, іскер, өмірге икемделген, жан-жақты мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Сондықтан да біз елі үшін қызмет етуге әзір студенттерімізбен мақтанамыз.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, осындай игі бастамамызға қолдау білдірген «Таңжарық» маталар дүкеніне алғысымызды білдіреміз. Қиын-қыстау сәтте сынаққа сынып кетпеу үшін біздің қолымыздан келетіні – сақтық шараларын қатаң ұстанып, үйде отыру арқылы өзіміздің және қоғамның денсаулығын сақтау. Сөзімнің соңын ақын Сара Тоқтамысованың жыр жолдарымен аяқтағым келеді: «Бұл ауру бәрімізді теңсіретті, кей кезде кеуде керіп шіренеміз. Енді біз тұтастықты танытайық, бірліксіз тығырыққа тірелеміз. Сәуірде карантиннен шығаршы деп, жамағат боп Алладан тіленеміз. Одан соң оразаның айы келіп, шайтанды карантинге жібереміз!». Бұл кезеңнен де сүрінбей өтеміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Жақсылық жасап жарысайық, әріптестер.


Ниязбек ОРАЗОВ,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық колледжі
жастар ісі жөніндегі
комитет төрағасы,
Арқалық қаласы

ГЛАВНЫЕ НОВОСТИ

Путь, заданный великим учителем

Вчера в 14:44

Патриотическое воспитание

Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия

Вчера в 14:40

Профессиональное содружество

Эффективное взаимодействие педагогов и родителей

Вчера в 14:36

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

История первого детского сада Лисаковска

Вчера в 14:33

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

Актуально

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.