Жарты ғасырдан астам уақыттан бері Қостанай құрылыс колледжі құрылыс саласында білікті мамандарды даярлауды жүзеге асырып келеді. Осы кезеңге дейін 40 мыңнан астам орта буын мамандары мен білікті жұмысшылар дайындалды.
Қостанай құрылыс колледжінің тарихы 1956 жылдан басталады. Уақыт өте, 1966 жылы техникум қазіргі Абай көшесі бойындағы оқу ғимаратына ие болды. Сол кезде аталмыш оқу орны Қостанай облысының ғана емес, республикамыздағы құрылыс орындарында жұмыс істеген, өңірдегі құрылыс бейіміндегі орта кәсіптік білім беретін жалғыз мамандандырылған оқу орны болған екен. Сол кездегі техникумның даму кезеңдері директор Сафроновтың есіммен тығыз байланысты.
Үстіміздегі ғасырдың 90-жылдардан бастап елімізде тоқырау заманы орын алды. Сан қилы өзгерістер мен кедергілерді бастан кешірген оқу орны бүгінде «Қостанай құрылыс колледжі» деп аталады. Оқу орнының мақтанышы мен даңқын құрайтын түлектер облыстық құрылыс кәсіпорындарының кадрлық құрамының негізі болып табылады. Бұл күндері колледж әкімшілігі оқытушылар, өндірістік оқыту шеберлері оқу орнының жоғарғы беделін қолдай отырып, кадрларды даярлау жүйесіне өз үлестерін қосуда.

Санаулы айлардан соң Қостанай құрылыс колледжінің 4ҒҚСП тобы Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану бойынша Техник-құрылысшы мамандығын алғалы отыр. Демек құрылыс саласы мамандарының қатары өз ісіне мығым жастармен толықпақ. Олар үстіміздегі жылдың ақпан айында дипломдық жобаларын қорғап, алға қойған үлкен арман-мақсаттарын орындауға аттанбақ. Топта болған әрбір студенттің оқу үлгерімі жаман емес. Үздік диплом алуға үміткерлер де бар. Қатарластарының арасында студенттеріміз Мұрат Омар, Санал Сартаев, Жансұлу Айсина, Елнар Молдабеков айрықша ерекшелінеді. Осы тұста Мұрат Омардың колледж қабырғасында жүрген кездегі оқу үлгерімі, еңбекқорлығы мен жетістіктері жайлы айтпай кетуге болмас. Ол қалалық, облыстық, республикалық Worldskills Kazakhstan чемпионатына қатысып, жүлделі орынға ие болды әрі «Жыл студенті» атағын алды.
Жалпы колледжімізде өзіміздің ана тілімізде оқып, білім алу деңгейі белең алып келеді. Жас мамандарымыздың мемлекеттік тілді сақтап, дамыта отырып еңбекке араласқаны біз үшін үлкен абырой. Биылғы түлектердің жұмысқа орналасып кетуі үшін колледж басшылығы да, әлеуметтік серіктестеріміз де бар мүмкіндіктерін аяп қалып жатқан жоқ. Бұған, әрине, түлектердің де ынтасы зор. Ал біз олар үшін тек сәт сапар тілейміз.
Бақтыгүл ҚОНАРБАЕВА,
Қостанай құрылыс колледжінің
арнайы пәндер оқытушысы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.