Шағын әңгіме шеберін ұлықтады

Выпуск - №39(486)   :   07.10.2021
393

Ыбырай бабамыздың 180 жылдық мерейтойы қарсаңында ұлт ұстазының есімін мақтанышпен иеленген Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінде де тағылымы мол, пәрмені күшті игі шаралар жоғары дайындықпен ұйымдастырылып, өткізілуде.

Сондай шаралардың бірі Ыбырай Алтынсариннің қаламынан туындаған шағын жанрдағы әңгімелеріне арналды. Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру бөлімінде өткізілген «Ыбырай шағын әңгіме шебері» атты сахналау шеберлігі байқауының мақсаты – даланың дара ұстазының шығармаларын жастар арасында кеңінен насихаттау мен оны қадірлеуге баулу. Сонымен қатар сөз өнеріне қызығушылықтарын арттыру арқылы сахналық шеберліктерін дамыту. Карантиндік шараларға байланысты байқаудың форматы қашықтан болғанына қарамастан, студенттер өз таланттары мен зор мүмкіндіктерін барынша көрсете білді.
Ең алдымен, байқау шарты түсіндіріліп, уақыт беріліп, кейін топтар дайындықты бастап кетті. Байқауға қатысушылар Ыбырай атамыздың «Асыл шөп», «Ақымақ дос», «Алтын шеттеуік», «Әке мен бала», «Бақша ағаштары» әңгімелерін сахналап, ұшқыр қиялға ерік беріп, бейнероликтерін ұсынды. Барлық топтардың ұйымдастырушылық қабілетімен қатар образды ерекше сомдауы мен әңгіме мазмұнын ой елегінен өткізгені байқалады. Байқау соңында ББМ-04 тобы – 1-орын, МДТ-03 тобы – 2-орын, ББМ-01 тобы – 3-орынды иеленді. Жеңімпаздарға колледж директоры Ж.Құсайын ризашылығын білдіріп, мақтау қағаздарымен қоса шағын сыйлықтармен марапаттады.
Аталмыш байқауға қонақ болып қатысқан Қостанай ауданының Мичурин жалпы білім беретін орта мектебінің 2 «Ә» сыныбының оқушылары мен жетекшісі Асем Күзембаеваға колледж директорының Алғыс хаты мен шағын естелік сыйлық табысталды. Дана педагогтің ғибратты әңгімелерін осындай тартысқа толы шеберлік байқауы арқылы жаңғыртуға тырыстық.


Индира ЖАЙЛАУБАЕВА,
Ы.Алтынсарин атындағы
Рудный әлеуметтік-гуманитарлық
колледжінің арнайы
пәндердің оқытушысы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.