Колледж бен мектеп арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында Қостанай ауылшаруашылық колледжінің оқытушылары Абай Молдашев, Аскарбек Садыков және Александр Киселевтың ұйымдастыруымен үстел теннисі бойынша жарыс өткізілді.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық спортты дамыту мен саламатты өмір салтын насихаттаудың маңыздылығына тоқталып, бірқатар маңызды тапсырмалар бергені белгілі. Ол балалардың спортпен айналысуына жағдай жасау қажеттігін баса айтып, мұның бәрі халықтың денсаулығын жақсартуға мүмкіндік беретінін атап өткен еді.
Қазіргі уақытта профориентациялық жұмысты күшейту үшін ауданымыздың мектептерімен тығыз қарым-қатынас орнату мақсатында мектептермен спорттық жарыстарды ұйымдастыру жоспарланған. Аталған жоспарды жүзеге асыру мақсатында мектептер мен колледждердің дене шынықтыру пәнінің оқытушылары бірлесіп жұмыс атқаруда.
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында өткізілген жарысқа Тобыл қаласының №2 жалпы білім беретін мектебінің 8–9-сынып оқушылары мен Қостанай ауылшаруашылық колледжінің студенттері қатысты. Үстел теннисінің ережесіне сәйкес, аталмыш жарыс екі-үш кезеңнен тұрды. Тыңғылықты дайындалып келген жастар жарысты қызықты да тартымды етті.
Нәтижесінде мықтылар анықталып, жеңімпаздар мақтау қағаздарымен және сыйлықтармен марапатталды. Осылайша, жүлделі 1-орынды Василиса Борисенко (№2 ЖББМ), екінші орынды Евлампия Перминова (ҚАШК), 3-орынды – Мейрамбек Жағыпаров (ҚАШК) иеленді.
Абай МОЛДАШЕВ,
Қостанай ауылшаруашылық
колледжінің дене шынықтыру
пәнінің оқытушысы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.