Арқалық қаласындағы Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің Жастар ісі жөніндегі комитетінің бастамасымен қазан айының алғашқы жексенбісінде атап өтілетін Ұстаздар күні қарсаңында колледжде өзін-өзі басқару күні өтті.
Бұл күні студенттер колледждің директоры және құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, яғни директор орынбасарлары, бөлім меңгерушілері, оқу-өндірістік, әлеуметтік педагог, кадрлық, әкімшілік-шаруашылық, баспасөз хатшысы және кезекші әкімшінің рөлдерін өз мойнына алды. Директордың дублері «Колледж президенті» Анеля Омаш болды. Ол таңертең колледждің «Әкімшілігімен» мәжіліс өткізді, оларға алдағы күнге нақты нұсқау беріп, «орынбасарлары» қызметіндегі Мөлдір Қаби, Ақзат Жапар, Әсем Хасенова, Манас Сейтқұл және Сабина Саруарова колледжді аралап көрді.
Артынша директор орынбасарларының, бөлім меңгерушілерінің дублерлері мен колледж қызметінің басшылары «жұмыс орындарына» аттанды. Жұмыс күні аяқталған соң дублерлер жиында бас қосып, ол жерде құттықтау сөз сөйлеп, марапаттау рәсімін өткізді. Кейіннен қорытынды жасалып, колледждің Жастар комитетінің отырысында бір күнгі жұмыстың нәтижелері талқыланды. Студенттер колледжге жаңа рөлде келгеннің қызық әсер бергенін атап өтті. Барлық білім алушылар өздеріне жүктелген міндеттерді лайықты орындап, әкімшілік қызметтің, ұстаздықтың барлық қиындықтары мен артықшылықтарын сезіне білді.
Осынау «ұстаз» сөзінің астарында мыңдаған білім мен ғылым, махаббат пен сүйіспеншілік жатқанын байқай бермейміз. Бұл қызмет кез келгеннің қолынан келе бермейді. Шәкірт тәрбиелеу, оны биікке жетелеу, қанаттандыру, жаны мен тәнін, болмысы мен барын беру тек ұстаздың қолынан ғана келетін қасиеттер. Қанша ғасыр өтсе де ұстаз аты және «ұстаз» деген ұғымның мағынасы ешқашан өшкен емес. Өйткені қай дәуір болмасын, бұл қоғамға ұстаздың еңбегі өте қажет. Күндіз-түні тыным таппай ұрпағымыздың болашағы үшін шырылдаған ұстаздарымыздың еңбегін ұлы демегенде не дейміз.
Ғылым мен білімнің дамуына қызмет ету – еліміздің болашағына қызмет ету. Ол жеткіншек ұрпаққа терең де тиянақты білім беруден басталады. Жастарымыз терең білім алумен бірге еліміздің рухани-адамгершiлiк, мәдени, ғылыми-техникалық және әлеуметтiк-экономикалық құндылықтарын дамытуға ықпал етуі тиіс. Ұстаздар күніне орай колледж ұжымына алғыс айта отырып, жүрекжарды тілегімді білдіргім келеді. Ата-бабамыздан мұра болып келе жатқан ұлттық дәстүрлерімізді сақтап, қазыналы қарттарымыздан алған өнегемен ұрпақтарымыздың өркені өссін демекпін. Қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбектеріңізді ескере отырып, сіздерге өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстар және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңізге толымды табыс тілеймін. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін ұстаздық жолдарыңыз тек өрлеу мен өсуге бастасын.
Ниязбек ОРАЗОВ,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық
колледжінің Жастар ісі
жөніндегі комитетінің төрағасы,
Арқалық қаласы
Областная образовательная газета «Учительская плюс» – это настоящая педагогическая копилка. В одном номере можно увидеть работу самых разных учителей со всей области, разные направления, почерпнуть ценный опыт. Можно, конечно, что-то и в соцсетях прочитать, но там надо искать, заходить к каждому на страничку отдельно, а газету открываешь – и всё костанайское образование перед тобой, вся наша учительская жизнь. Я с удовольствием рассказываю о своей работе, о своих методах, об успехах моих воспитанников. Газета помогает мне делиться своими идеями и вдохновляться работами коллег.
Думаю, что безо всякой агитации каждый учитель, воспитатель, психолог должен иметь газету «Учительская плюс». Как без неё узнавать, как работают ваши коллеги, что нового в методике преподавания, поделиться своим опытом?
В своё время, будучи завучем средней школы, я обобщала лучший опыт учителей своей школы, знакомила их опытом работы других, и вообще не представляю педагога без настольной газеты «Учительская плюс» и своего предметного журнала, откуда черпаешь все новинки методической работы.
Поэтому совет вам, дорогие молодые коллеги: не опоздайте выписать, не останьтесь без профессиональной помощи газеты «Учительская плюс»!