Шеберлікті шыңдаған басқосу

Выпуск - №15(512)   :   15.04.2022
569

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжде «Балабақшада қолданылатын инновациялық жаңашыл әдіс-тәсілдер» тақырыбында білім алушылардың тәжірибе жинақтауы мақсатында балабақша тәрбиешілерімен дөңгелек үстел өткізілді.

Қазіргі таңда әр ұстаздың алдына қойып отырған басты міндеттердің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру. Оқу процессінде пайдаланып отырған әртүрлі әдіс-тәсілдер мен жаңа технологиялар өз нәтижелерін беруде. Әдіс-тәсілдер білім алушылардың жеке қасиеттерін аша отырып, оның танымдық қабілетін қалыптастыру және білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасайды. Демек ұстаз болу үшін ең басты мәселе – оқыту үрдісін дұрыс таңдау.

«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының бітіруші топтары мен 2-курс студенттеріне арналған іс-шараға қаламыздағы «Ақбота», «Алпамыс», «Балдырған», «Раушан» балабақшаларының тәрбиешілері мен әдіскерлері қатысты. Дөңгелек үстелді педагогикалық тәжірибеге жауапты әдіскерлер Толқын Аубакирова мен Айгерим Сейполинова ұйымдастырды. Іс-шара 2 кезеңнен тұрды. I кезең бойынша әр тәрбиеші мен әдіскер презентация арқылы өздерін таныстырса, II кезең бойынша ұйымдастырылған оқу қызметінде қолданылатын инновациялық әдіс-тәсілдермен тәжірибе алмасу жұмысы жүргізілді.

Дөңгелек үстелге «Балдырған-А» балабақшасынан қатысқан Гүлім Сардарова, «Алпамыс» балабақшасынан Махаббат Абдибекова мен Жадра Баязитова, «Ақбота» балабақшасынан Әйгерім Ғазез, «Раушан» балабақшасынан Меруерт Адилбекова мен Эльмира Габдуалиева білім алушыларға оқу қызметінде қолданылатын әдіс-тәсілдерді, көрнекі құралдармен жұмыс істеу жолдарын үйрете отырып, тәжірибелерімен бөлісті. Қатысқан әдіскерлер мен тәрбиешілер мақтау қағаздарымен марапатталды. Шеберлікті шыңдаған жиын колледж білім алушыларының концерттік бағдарламасымен тәмәмдалды.


Бақытира НУРГАЗИЕВА,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық
колледжі директорының
оқу-өндірістік жұмысы
жөніндегі орынбасары,
Арқалық қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.