Спорт бізді біріктіреді

Выпуск - №43(540)   :   08.11.2022
365

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы және Нәзипа Құлжанованың 135 жылдығына орай Қостанай облысының колледждері арасында волейболдан турнир өтті. Екі күнге созылған жарысқа барлығы 7 команда қатысты.

Спорттың қызықты және қолайлы түрлерінің бірі – волейбол ойыны. Бұл ойынның дүниежүзіне кең тарауына ережесінің қарапайымдылығы мен орындалатын қимыл-қозғалыстарының күрделі еместігі, сонымен бірге волейболды кез келген жастағы адам ойнай алатындығы себеп. Қостанай өңірінде командалық спорт түрлерін дамыту, саламатты өмір салтын қалыптастыру қағидаттарын насихаттау, еңбек ұжымдарын спорт түрлерімен шұғылдануға тарту, достық қарым-қатынасты бекіту, үздік спортшыларды анықтау мақсатында ұйымдастырылған турнир Арқалық қаласы «Жігер» стадионының және Кейкі батыр атындағы жалпы білім беретін №4 мектебінің спорт залдарында өткізілді.

Сайысқа Қостанай педагогикалық колледжі, Қостанай жоғары политехгикалық колледжі, Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжі, Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі, Арқалық политехникалық колледжі, Арқалық медициналық колледжі және Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінен екі құрама команда шықты. Әнұранмен басталған турнирдің ашылу салтанатында Арқалық қаласының әкімі Әмірхан Асанов және Қостанай жоғары политехникалық колледжінің директоры Құсайын Каткенов сөз сөйлеп, қатысушы спортшыларға жеңісті де жемісті ойын тілеп, турнирді ашты.

Жарысқа Республикалық I дәрежелі төреші Қанат Қонысбаев және «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының оқытушысы Сағадат Нұғманов төрелік жасады. Команда құрамы 6 ойыншыдан (4 ер, 2 әйел) тұрды. Тартысты бәсекеде командалар шеберліктерін көрсетті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубок, грамота, медальдармен марапатталады. Нәтижесінде жүлделі I орынды Арқалық политехникалық колледжі, II орынды Қостанай жоғары политехникалық колледжі және III орынды Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі иеленді. Үздік ойын өрнегін көрсеткен ойыншыларға номинациялар берілді.

«Үздік ойыншы» – Райымбек Ізбасты, «Үздік шабуылшы» – Багдан Күмісбек, «Үздік қорғаушы» – Ислам Нұрпейсов, «Үздік үйлестіруші» – Виктория Зацепина, «Турнир аруы» – Мадина Кушербаева, «Қажетті ойыншы» – Нұрғазы Ермек болып танылып, оларға ақшалай сыйақы табысталады. Ойын соңында Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің директоры Сандуғаш Алматова жеңімпаздарды шын жүректеп құттықтап: «Осындай спортты дамытуға бағытталған көлемді іс-шаралар жалғасын таба берсін!», – деген ақ тілегін жеткізді.


Гүлім ЖАКУПОВА,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық колледжі
«Дене тәрбиесі және спорт»
мамандығының оқытушысы,
Арқалық қаласы

Реклама

Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.