Студенттер олжалы оралды

Выпуск - №14(710)   :   10.04.2026
430

Студенттер олжалы оралды (1)

Қостанай төрінде гір спортынан жастар арасында өткен ел чемпионатында еліміздің 16 өңірінен 200-ге жуық үміткер бақ сынады. Бұл додада А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ студенттері де бақ сынап, жоғары нәтиже көрсетті.

Мықты дайындықпен келген «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының студенттері әр салмақ дәрежесінде үздіктердің қатарынан көрініп, облыс қоржынына бағалы жүлделер салды. Атап айтқанда, 63 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Никита Стригин күміс жүлдені иеленсе, 68 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Вадим Стригин «серппе» жаттығуында гір тасын 95 рет көтеріп, ел чемпионы атанды. Дәл осы салмақта Антон Стельмах «жұлқа көтеру» жаттығуында 148 рет көтеріп, екінші тұғырға тұрақтады. 95 келіден жоғары салмақ дәрежесінде сынға түскен Владислав Литвинов «серппе» жаттығуында 90 рет көтеріп, күміс жүлдені қанағат тұтты.
Студенттердің бұл жарқын жеңісі өңірдегі студенттік спорттың жүйелі дамып, жоғары оқу орындарында кәсіби дайындық деңгейінің артқанын көрсете білді. Қазіргі таңда гір спортына қызығушылық артып, жастар арасында бұқаралық сипат алып келе жатқанын байқауға болады. Осындай дүбірлі додаларда топ жарған спортшыларымыз алдағы уақытта да өңірдің абыройын асқақтата берері сөзсіз.

Айгерім БАХИТБЕК,
А.Байтұрсынұлы атындағы
ҚӨУ журналистика мамандығының
3-курс студенті

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.