Қостанай құрылыс колледжінің техник-құрылысшы мамандығына оқып жатқан 3-курс студенттері өздерінің кезекті өндірістік тәжірибесін «БК Строй» және «БК Бетон» мекемесінің құрылысында өтті.

«БК Строй» құрылыс компаниясы колледжіміздің көп жылдан бері әлеуметтік серіктесі болып көмектесіп келеді. Бұған екі мекеменің басшыларымен жасалған келісімшарт дәлел. Карантин уақытында үйде қамалып отырған студенттердің құрылыс алаңына шыққаны үлкен қуаныш сыйлады. Себебі олар мамандығына тағы бір табан жақындай түсті. Құрылыс басында еңбек қауіпсіздігі, жұмыс тәртібі, уақытылы жұмысқа шығуы, кешікпеуі қатаң қадағаланды. Бұған үйретуші тәлімгерлердің де, колледж тарапынан мұғалімдердің және осыған қатысты барлық адамдардың үлесі зор.

Нәтижесінде студенттер шапшаң және тиімді жұмыс атқаруда. Ең бастысы құрылыста істейтін жұмыстары олардың болашақ мамандығына тікелей байланысты. Осы бастан мамандығының қырлары мен сырларын үйренуді бірте-бірте бастай берсе, келешекте мамандықтарының керемет иесі боларына кәміл сенеміз. Бүгінде студенттер құрылыс басында сылақ, майлау, іргетасты монтаждау және арматура тоқу сияқты жұмыстарымен айналысуда. Болашақта жоғарғы оқу орнына тапсырамын десе де, құрылыс жұмыстарының қалай жүргізілетінін жете меңгерген артық етпесі анық.
Бақтыгүл ҚОНАРБАЕВА,
арнайы пәндер оқытушысы
Қайрат СӘДЕНҰЛЫ,
өндірістік оқыту шебері,
Қостанай құрылыс колледжі
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.