«Студенттік көктем-2022»: фестивальден жүлдемен

Выпуск - №22(519)   :   06.06.2022
541

Қостанай облысының колледж студенттері арасында ұйымдастырылатын «Студенттік көктем-2022» шығармашыл жастар фестивалі биыл да жалғасын тапты. Байқауды ұйымдастырушылар: Облыстық білім басқармасы және «Социум Я» ресурстық орталығы.

Фестивальге 32 техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері қатысты. Жыл сайынғы дәстүрлі сайыста ең креативті, жарқын және талантты қатысушылар анықталып, қорытындысы шығарылды. Іс-шара жастарды патриотизмге тәрбиелеу, өнерлі, жалынды жастармен халық арасына алтын көпір орнату мақсатын көздеді.

«Студенттік көктем-2022» фестивалінің ашылу салтанатына колледж делегациясы және бағдарламаның барлық түрінің қатысушылары қатысты. Қатысушылардың денсаулық қауіпсіздігі, нақты айтқанда, медициналық тексеруден өткендігі және оқу орнының мөрімен куәландырылған құжат ескерілді. Студенттер бұл байқауда төмендегідей бағыттар бойынша бақ сынады: көшбасшылар кездесуі; тәжірибе алмасу; «Табысқа апарар жол» шеберлік сыныбы; «Бұл менің колледжім» кәсіптік бағдар беру көрмесі; би шайқасы; әскери спорттық эстафета.

Әскери-спорттық эстафетаның 1-кезеңі – кедергілер жолы, 2-кезеңі – ҰБП негіздерін білуге негізделді. Бұнда қатысушылар Калашников автоматын жинап, бөлшектей білуі керек болды. 3-кезең – мина алаңы, ОЗК-ны өңдеу; 4-кезең – пневматикалық винтовкадан ату; 5-кезең – алғашқы медициналық көмек көрсету, жаралыларды алып жүру; 6-кезең – шифрлық-интеллектуалдық тапсырма. Біздің Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің жастары менің жетекшілігіммен аталған байқауда бақ сынады. Қатысушылардың дайындығы тыңғылықты. Жалынды жастар осы кеште нағыз көктемгі атмосфераны орната білді. Көрермендер жарқыраған жас әртістерге қолдау жасап, қошемет көрсетті. Фестиваль нәтижесінде қатарымыз жаңа дарынды жастармен толықты.

Тартысты фестивальдің соңы гала-концертке ұласты. Әр аталым бойынша жеңімпаздар анықталып, марапаттау рәсімі болды. Оқу орындары өзіндік жаңалығымен, креативтілігі мен күш-қуатымен есте қалды. Нәтижесінде Торғай гуманитарлық колледжі 32 оқу орны ішінен додада топ жарып, жүлделі ІІ орынды иеленді. Артқан үміт ақталып, кеуделерін қуаныш кернеді. Олар өткізілген бағыттардың талаптарын толығымен орындап, уақытты тиімді пайдаланды, киім үлгілері де кезеңге сәйкес болды. Осы тұста колледждің белсенді жастарымен мақтанатынымызды айтым келеді. Кемел келешекке бет алған жастарымызға қажырлы қайрат, зор талпыныс тілейміз!

Ниязбек ОРАЗОВ,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық колледжі
жастар ісі жөніндегі
комитетінің төрағасы,
Арқалық қаласы

Реклама

Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.