Учительская плюс

Областная еженедельная общественная информационно-образовательная газета
Календарь
01/11/26 Воскресенье

Табиғат аясындағы белсенді демалыс

Выпуск - №2(599)   :   18.01.2024
959

Ауа райының қыңырлығына қарамастан, Қостанай құрылыс колледжінің ұжымы жаңа жылдың алғашқы күндерінде табиғат аясында демалуды ұйғарды. Қыс қызығын айшықтаған шараға колледжішілік кәсіподақ ұйымы ұйытқы болды.

Педагогикалық ұжымның таза ауадағы демалысы белсенділігімен ерекшеленді. Дене тәрбиесі ұстаздарының көмегімен «Веселый старт» сайысы ұйымдастырылды. Ұжым «Боран» және «Бауырсақ» топтарына бөлініп, спорттық дайындықтарын көрсете білді. Жарыстың алғашқы кезеңінде 30 метрге «Шаңғы тебу» эстафетасы, екінші кезеңде қатысушылардан таяқтарсыз, шаңғымен жүгіру талап етілсе, үшінші «Капитандар сайысында» топ басшыларына үлкен міндет жүктелді: олар команданы шаңғымен бір «жағадан» екіншісіне ауыстырулары қажет болды.

– Шаңғы тебу – денсаулыққа пайдалы спорт түрінің бірі. Қысқы спорт түрлері денсаулықты нығайтып қана қоймай, адамның көңіл-күйін марқайтып, ерекше қуаныш сыйлайтын қасиетке де ие. Сол үшін қыс «сиқырының» басты қызығынан құр қалмау қажет, – дейді көп жылдан бері осы спортпен айналысып келе жатқан дәне тәрбиесі пәнінің оқытушысы Владимир Брагин.

Табиғат аясындағы шаңғы жарысының нәтижесінде «Боран» командасы жеңіске жетіп, топ мүшелері марапатталды. Сондай-ақ қатысушылардың барлығы да түрлі аталымдар бойынша әртүрлі сый-сияпатқа ие болды. Спорттық команда құру – өзара күш-жігердің құндылығын түсінуге көмектесетін және ұжымды бір мақсатқа біріктіреді. Мысалы, жарыс барысында кездескен сынақтарда әріптестер спорттық жабдықтардың көмегімен ынтымақтастығы мен физикалық мүмкіндіктерін, ептіліктері мен жылдамдығын көрсете білді. Тартысты жарыстан соң барлығы қайнап жатқан самаурынның қасына жиналып, ыстық шәй ішіп, эмоцияларымен, сайыстан алған әсерлерімен және жақсы көңіл-күйлерімен бөлісіп жатты.

– Шаңғы эстафетасына қатысушылар сергектіктің, позитивтіліктің және тамаша көңіл-күйдің үлкен қуатын алды, – деп әсерімен бөлісті кәсіподақ ұйымының төрайымы Гүлмира Айсина.

Физикалық белсенділік – саламатты өмір салтының маңызды құрамдас бөлігі. Сол себепті, аурурдың алдын алу үшін спортпен айналысуға уақыт бөлген жөн. Біздің Қостанай құрылыс колледжінің ұжымы баршаңызды спортпен айналысуға, таза ауада көбірек уақыт өткізуге және белсенді өмір салтын ұстануға шақырады. Сонымен қатар белсенді демалыс уақыты – ұжымның бірігуіне ықпал етіп, «командалық рухты» қалыптастырады.


Айгүл КУШЕГАЛИНА,
Қостанай құрылыс
колледжінің қазақ тілі
мен әдебиеті пәнінің
оқытушысы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.