Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы мен Қостанай облыстық Ы.Алтынсариннің мемориалдық музейі бірлесіп «Зұлмат жылдар зардабы: бабалар рухына бас иемін» атты тарихи-танымдық, рухани-патриоттық кеш ұйымдастырды.
Негізгі мақсаты – зұлмат жылдардың азабын тартқан қазақ халқы мен ұлт зиялыларының рухына тағзым ете отырып, жастардың тарихи жадысын ояту, елжандылыққа баулу. Іс-шараға арнайы қатысқан қадірлі қонақтардың қатарында – «Құрмет» орденінің иегері, А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ-дің профессоры, философия ғ.к. Қалқаман Жақып, музейдің басшысы Марғұлан Оспанов, тарих ғ.к. Эльмира Наурызбаева, тарихшы Руслан Жүсіпов және музей ісінің білгір маманы Ақерке Аханова болды. Спикерлер өз сөздерінде ашаршылық жылдарының халқымызға тигізген ауыр зардаптарын жан-жақты ашып айтып, бұл қасіретті ұмытпау керектігін атап өтті.
Иә, бұл күнді бір ғана сөйлеммен атап өткенімізбен, оның артында көзге жас ұялатып, жүректі шымырлататын қасіретті тағдырлар мен жан тебірентерлік оқиғалар жатыр. Бұл – бір ғана отбасының емес, тұтас ұлттың қайғысы. Алаш арыстары – қазақтың маңдайына біткен марғасқа азаматтар, ұлт болашағы үшін жанын қиған зиялылар атылып, айдалып кетті. Ашаршылық жылдары миллиондаған ата-бабамыз аштан қырылды. Бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр зұлматтардың бірі. Мұндай қиянатты көрген халық жер бетінде кемде-кем. Соған қарамастан, қазақ халқының рухы сынған жоқ. Осы қасіретті тарихымызға тағзым ете отырып, болашаққа қарай нық қадам басып келеміз.
Әрбір саналы қазақ баласы «Біз кімбіз? Қайдан шықтық? Бабаларымыз қандай тағдыр кешті?» деген сұрақтарды өзіне қойып отыруы тиіс. Кеш қонағы, тарихшы Руслан Батырханұлы бұл іс-шараның жастар үшін тәрбиелік мәніне тоқталды:
– Өткізілген рухани кештің жастар үшін тәрбиелік маңызы зор. Зұлмат жылдарда халықтың бастан кешкен қиындықтарын білу – ел тарихына деген құрметті оятады. Ең бастысы – қарапайым халықтың өміріне жауапкершілікпен қарауға баулиды. Себебі ең ауыр салмақ дәл сол халықтың иығына түсті. Сондықтан оларға жанашыр болу, жағдайын түсіну үшін тарихты білу қажет. Мұнда көтерілетін ұлттық құндылықтар – ерлік, сабыр, үміт – жастардың бойында патриоттық рухты нығайтады, – деп атап өтті.
Сонымен қатар, рухани кеште «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені дайындаған бейнебаян көрсетілді. АЛЖИР – адамзат тарихындағы ең ауыр әділетсіздіктің символына айналған орын. 1938 жылы Ақмола маңында ашылған бұл лагерьде «халық жауы» деп танылған азаматтардың жұбайлары мен туыстары жазықсыз жапа шекті. Және олардың жалғыз «айыбы» – күйеулерінің, ағаларының, әкелерінің «саяси қылмысын» жасыра алмағандары ғана еді. Аштық, ауру, суық пен қайғы – олардың күнделікті серігіне айналды. Көптеген аналар балаларынан күштеп айырылды. Бүгінде АЛЖИР-дің орнында ашаршылық пен қуғын-сүргін құрбандарына арналған мұрағаттар мен естелік қабырғалар бар мемориалдық кешен тұр.
Кештің шығармашылық бөлімінде академия курсанттары өз өнерлерін паш етті. Ұлттық рухты ұлықтаған өнер туындылары арқылы олар тарихтың шерлі парақтарына жан бітіріп, көрерменнің жүрегіне терең әсер қалдырды. Бекқазы Нұрболаттың орындауындағы «Көңіл толқыны» кешке терең әуенмен бастау берсе, Смайлов Досбол «Қуғын-сүргін ұрпақтары» атты термесімен халық жүрегіндегі сызатты сөзбен жеткізді. Ал Елубай Ғасыржан тебірене оқыған «Жазықсыз жандар – қасиетті рухтар» атты өлеңі көрерменнің жүрегін елжіретті.
Кеш соңында курсанттар ұлт жадына айналған тарихи оқиғаларға арналған «Үнсіз тарих – үн қатқан ұрпақ» атты сахналық қойылымын көрсетіп, көрерменге үнсіз тарихтың астарында жатқан ауыр шындықты жеткізді. Бұл туралы қойылымға қатысқан 2-курс курсанты Ақбота Оразхан өз ойымен бөлісті: «Өте әсерлі кеш болды. Аға буын өкілдері келіп, бізге ақылдарын айтып, тарихи деректермен бөлісті. Ал қойылымда мен сол кездегі ананың рөлін, оның зарын, ішкі мұңын жеткізуге тырыстым. Репрессия жылдарында қаза тапқан жандарды еске алып, олардың рухына құрмет көрсете білдік деп ойлаймын».
Тарих – ұлт жадында мәңгі сақталатын шежіре. Қостанай академиясында өткен рухани кеш – өткеннің елесін жаңғыртып, жүректерге от жағып, ойға ой қосқан тағылымды жиын болды. Кеш барысында айтылған әрбір сөз бен көрсетілген көріністер ел тарихына деген құрметті арттырды. Ал жас ұрпақ өткенді танып, бүгінге шүкір етудің және болашаққа жауапкершілікпен қараудың маңызын терең ұғынды. Тарих үндемейді, бірақ оны ұмытпау – әр ұрпақтың қасиетті борышы.
Аружан АНИСОВА,
ҚӨУ студенті
Я спросил у посла Японии, каким образом его страна сумела так быстро достичь высокой степени развития, стала играть в мире столь важную роль? Мне очень понравился ответ посла: «Японцы верили, что единственный способ поднять страну – это дать своим детям лучшее образование, чем они имели сами, самым важным для них было уйти от своего положения крестьян и получить образование. Поэтому в семьях огромные усилия прикладывались к тому, чтобы поощрять детей хорошо учиться в школе, чтобы они могли чего-то достичь. Из-за этого стремления постоянно чему-то учиться, через систему образования распространялись новые идеи из внешнего мира. Это одна из причин быстрого развития Японии».
Всевозможные разновидности книги как объекта не изменили ни её назначения, ни её синтаксиса за более чем пять веков.
Книга – как ложка, молоток, колесо или ножницы. После того, как они были изобретены, ничего лучшего уже не придумаешь. Вы не сделаете ложку лучше, чем она есть…
В XVI веке венецианскому печатнику Альду Мануцию пришла в голову великая идея сделать книгу карманного формата, которую гораздо легче возить с собой. Насколько я знаю, более эффективного способа перемещения информации так и не было изобретено. Даже компьютер со всеми его гигабайтами должен быть включен в сеть. С книгой таких проблем нет. Повторяю: книга – как колесо.