Оқу орындарының алдындағы басты міндет – жас ерекшелігіне, қабілеттеріне қарай түрлі әдіс-тәсілдермен, оның ішінде ғылыми іздену жұмыстарын жүргізе отырып, білім алушылардың дарындылығын айқындау және дамыту.
Ғылыми жұмысқа баулу кезінде, ғылыми жұмысқа қабілетті білім алушылар іріктеліп, белгілі бір тақырып бойынша ғылыми жұмыстар беріледі. Қабілеттілігі жоғары және шығармашылық жұмысқа икемді білім алушылардың өз бетімен білім алу мүмкіндігі болуы тиіс. Яғни, мұндай оқытуды білім алушы өзі анықтайды, өзі басқарады, өзі жүзеге асырады. Қазіргі әлеуметтік-экономикалық талапқа сай колледжімізде алдымызға қойып отырған мақсатымыз – дарынды білім алушыларды дамытудың теориялық-практикалық негіздемесі болып табылады.
Еліміздің даму стратегиясына сай бүгінгі ұрпақтың оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруда педагог мамандардың ғылыми шығармашылық ізденістері күн тәртібіндегі кезек күттірмейтін мәселе. Білім алушылардың дүниетанымын кеңейтумен қатар танымдық ізденімін дамыта отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарына баулу – қоғамдық мәні зор мәселе. Әлемге жаңалық әкелетін ғалымның ақыл-ой әрекеті мен жаңаны тануға талпынатын баланың ақыл-ой әрекеті арасындағы ерекшелік бұрыннан танылған.
Дарынды балаларды оқыту кезінде бірқатар міндеттер алға қойылған: тұлғаның дамуына жағымды ықпал ету, жетістіктерді мейлінше жоғары деңгейге жеткізу, білімі мен біліктілігін нақты қоғамға пайдалы және қажетті салаға бағыттау және оның оң нәтижеге жету мақсатында жүйелі жұмыс жүргізу. Жас дарындарды анықтау мақсатында ата-аналармен, оқу орынының мамандарымен жан-жақты жұмыс жүргізу қажет. Келесі кезеңде білім алушының психологиялық ерекшелектері, еске сақтау, көпшілік алдында сөйлеу, креативті ойлау және басқа да қабілеттері байқалады.
Көптеген білім алушылар қандай да бір салада емес, бірнеше салада жоғары дарындылық танытады. Педагогтер мен психологтардың міндеті – осыны анықтап қана қоймай, оларды жетілдіру, дамыту. Дарынды балалармен жұмыстың үшінші кезеңі білім алушылардың қабілетін дамытуға бағытталған. Ол үшін білім алушының қызығушылығы, қабілеті, икемділігін, ортасы басты назарда болады. Өзімнің тәжірибемнен айтар болсам, біздің жұмыс түрлі деңгейлердегі пәндік олимпиалалар, ғылыми-тәжірибелік конференциялар, стартап жобалар және байқаулар бағыттарында жүзеге асады.
Соңғы бес жылдағы жетістіктерді атап өтер болсам, шәкіртім Алмат Жарылкасымов 2018 жылы «Be clever» Халықаралық даму орталығынан III дәрежелі дипломға, Алишер Насреддиновтығ жылыжай жайындағы ұсынған жобасы XII обылыстық «Жас ғалым-2020» студенттік ғылыми-тәжірибелік конференциясында I дәрежелі дипломға ие болды. Кейіннен жоба жалғасын тауып, жас дарын Петр Литвинчук XIV обылыстық «Жас ғалым-2022» студенттік ғылыми-тәжірибелік конференциясында «Зерттеу тәсілдемесі» номинациясының және 2021 жылы «Жас ғалым RST» жобасы аясында өткізілген обылыстық «KOSTANAY PROJEKT» атты әлеуметтік-ғылыми бастамалар фестивалінің I орын иегері атанып, сыйлыққа «MacBook» жеңіп алды.
Дарынды шәкірт Руслан Апарин Д.Қонаевтың 110 жылдығына арналған «Табыс жолы-2023: білім, ғылым, кәсіп» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында II орынды иеленіп, сыйлыққа құлаққап алса, ал дәл осы конференцияға қатысқан Ринат Нурмихаметов «Жаңашыл шешім» номинациясы бойынша марапатталды. Сонымен қатар, Ринат облыстық «Тәуелсіздік ұрпақтары стартап жобалар байқауында жеңіске жетіп, 500 мың теңге сомасындағы грант иегері атанғанын ерекше мақтанышпен атап өтсек ләзім (суретте).
Еліміздің дамуы шағын және орта бизнестің дамуына байланысты екендігін дүниежүзілік тәжірибе дәлелдеп отыр. Сол себепті, білім алушыларға оқу орны қабырғасынан бастап сапалы экономикалық-тәжірибелік білім беру аса маңызды. Теориялық білім ғана емес, сонымен қатар практикалық тұрғыда да жүзеге асыру мақсатында стартап жобалардың алатын орны ерекше маңызға ие. Өткен жылдан бір топ білім алушы – Ринат Нурмихаметов, Руслан Апарин және Нұрсұлтан Абдрахменов Торғай аумағындағы саз-балшықтан түрлі-түсті бор, май сыры және керамикалық бұйымдардың үлгілерін жасап, жақсы нәтиже көрсетті.
Мәселен, Руслан мен Ринат былтыр облыстық «Мен кәсіпкер» стартап жобалар байқауынан Гран-при иегері атанып, 2 смарт-сағат пен «Белсенді қатысқаны үшін» мадақтама қағаздарымен марапатталғаны зор мәртебе. Белсенді жас Ринат Нурмихаметов Қостанай обылысы көлемінде 2023 жыл қорытындысы бойынша «ТОП-10» ішінде «Жас зерттеуші» номинациясының иегері атанып, 50 мың теңгелік сертификатты иеленді. Осы аталған марапаттардың бәрі – жеткен жетістіктеріміздің бір парасы ғана. Дарынды білім алушылармен жұмыс барысындағы жоғары жетістік – шәкірттің жан-жақты шығармашылық жұмысының нәтижесі.
Болат ТУРГАЕВ,
Арқалық политехникалық колледжінің химия
пәнінің оқытушысы
Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.