Саяси құғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай, жазықсыз жапа шегіп, еліміздің егемендігі жолында жанын құрбан еткен азаматтарды еске алу мақсатында Арқалық политехникалық колледжінде кездесу ұйымдастырылды.
«Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу» тақырыбындағы кездесуге 1-курс белсенділері қатысты. Олар Алаш партиясының тарихы, ел тәуелсіздігін аңсаған, ұлт болашағы үшін жанын пида еткен Алаш қайраткерлерінің өмір жолы жайлы ақпараттарға қанығып, жазықсыз жандарды өлімге байлаған зұлматты жылдардың ауыртпалығымен, ұлтымызға жасалған үлкен соққымен, тарихымыздың ақтаңдақтарымен және де тәуелсіздік жолында құрбан болған тұлғалардың еңбектерімен танысты.
Кездесу қонақтары қаламыздың ардагерлер қоғамдық бірлестігінің мүшесі Садуақас Әмірбек Түгелұлы мен «Аналар мектебінің» төрайымы Қалтаева Бахытжамал Аяғанқызы келіп, тағылымы терең тарихи деректер келтіріп, білім алушыларымызға мол түсінік берді. Әрине, Отанымыздың бас көтерер зиялы қауымының тарихтағы рөліне де ерекше тоқталып өтті. Біз үшін олардың есімдері мәңгі есте, себебі тарихи оқиғалар ұмытылмайды. Белсенді жастарымыз өздеріне ой түйіп, ой-пікірлерімен бөлісті. Зиялы азаматтарымызға бір минуттық үнсіздік жарияланды.
Бұл күнді қаралы дата деп атап өтіп, оңай айта салғанымызбен, оның түбінде үлкен қайғы-қасірет жатқаны баршамызға мәлім. Әр қазақтың баласы тарих парақтарын ұмытпауы керек. Тағылымды кездесуде білім алушыларымыз тарихи оқиғалар жайлы түсінік қалыптастырып, мамырдың 31-і – қайғылы күн ғана емес, біздің ендігі жерде борышымыз – осы қаңқұйлы жылдардың оқиғасы, оның жазықсыз құрбаны болған азаматтардың есімдерін мәңгі есте сақтау екенін ұғынды. Ал, колледжіміздің кітапханашысы Жанерке Мырзабекқызы баяндама оқыды.
Алданыш БАЙЖУМИНА,
Арқалық политехникалық
колледжінің Жастар ісі
жөніндегі комитетінің инспекторы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.