Тәуелсіз еліміздің рәміздері

Выпуск - №23(620)   :   14.06.2024
618

image

Жылдағы дәстүрге сай, Арқалық политехникалық колледжінде жастарды елінің Мемлекеттік рәміздерін қастерлеп, құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында 4 маусым – Рәміздер күніне арналған «Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы» атты салтанатты жиын өтті.

Егемен еліміз жер бетіндегі басқа мемлекеттермен терезесі тең, өркениетті ел ретінде танылып, 1992 жылы маусым айының 4-інде Мемлекеттік рәміздеріміз – ту, елтаңба, әнұран бекітілді. Тұңғыш Президенттің Жарлығымен, осы күн – ҚР Мемлекеттік рәміздер күні болып белгіленді. Сондай-ақ, Мемлекеттік рәміздердің сипатамасы мен ресми пайдалану тәртібі Ата Заңмен бекітілді. Қазақстан Республиканың әрбір азаматы мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті екені айтылған.
Мемлекеттік рәміздер белгілі бір елдің өзіндік өмір салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін, айрықша арман аңсарын, байланыс мұраттарын білдіреді. Осы бір қасиетті белгілердің мәнін әрбір азамат терең түсініп, оны қастерлей білуі қажет. Мерекеге орай ұйымдастырылған салтанатты жиында колледжіміздің белсенді жастары рәміздерімізге деген құрметін өз түсінігінде жеткізе білді. Ал, колледжіміздің вокал жетекшісі С.Хамзинаның дайындауымен әнұран орындалып, патриоттық әндер шырқалып, тақпақ та айтылды.
Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған Мемлекеттік рәміздеріміз болашаққа бастаған көшімізді демеп, игі істерімізді қолдай берсін! Еліміздің мәртебесі биік, өмірі ұзақ болып, Мемлекеттік рәміздерімізге деген құрмет арта берсін!

Алданыш БАЙЖУМИНА,
Арқалық политехникалық
колледжінің Жастар ісі жөніндегі
комитет инспекторы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.