Тәуелсіздік шежіресі

Выпуск - №49(496)   :   25.12.2021
334

Үстіміздегі жылды мемлекетіміз үшін қастерлі деп айтсақ артық болмас. Себебі егемендігімізге 30 жыл. Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінде тәрбиелік пәрмені күшті игі шара ұйымдастырылды. 

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы әлеуметтік-экономикалық мәселелердің тұраланып қалуы, елімізден басқа ұлт өкілдерінің ауа көшуі: мұның бәрі шекарамыздың нақты қазығы қағылмаған уақытына тұспа-тұс келді. Әйтсе де бәрі артта қалып, бүгінде өз алдына дербес ел болған Отанымыздың ұлық мерекесіне орай жер-жерде айтулы іс-шаралар ұйымдастырылуда. Оқу ордамызда ұйымдастырылған шара барысында алғашқы болып сөз алған колледж директоры Ж.Құсайын қатысушыларға алғысын айтып, жұмыс барысына сәттілік тіледі.

Мемлекетіміздің тәуелсіздік тарихын кеңінен пайымдап түсіну мақсатында өткізілген «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым» тақырыбындағы дөңгелек үстелге арнайы қонақтар шақырылды. Іс-шарада А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің т.ғ. докторы, профессор А.Айтмұхамбетов, т.ғ. кандидаты, доцент, қауымдастырылған профессор С.Исмаилов, гуманитарлық ғылымдар магистрлері Р.Жусупов және О.Такиров ұстаздардың қатысуымен өткен шарада еліміздің өткені мен бүгіні және келешегі жайында тың ақпараттарды ортаға салса, ал студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға тұшымды жауаптарын берді. Дөңгелек үстел барысында тәуелсіздік шежіресі жайлы құнды да нақты деректер айтылды.


Мансұр ИБРАГИМОВ,
Ы.Алтынсарин атындағы
Рудный әлеуметтік-гуманитарлық
колледжінің қоғамдық
пәндердің оқытушысы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.