Жас ұстаздарымыздың жан-жақты, сапалы маман болып шығуы үшін Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 3–4-курс білім алушыларының арасында сайыс өтті.
Білім ордасындағы теориялық және тәжірибелік білімі келешекте мол жетістіктерге жету жолына септігін тигізе отырып, білім алушыларымыздың білім-білік дағдыларын дамытып, білім ордасының қабырғасында алған білімдерін тексеріп, тәжірибе аясында қолдану жолдарын бағамдауды көздеген сайыс мақсатына жетті деуге болады. Оған әрқайсысы 4 білім алушыдан құралған 3 топ қатысып, 4 модуль бойынша бақ сынасты.
Алғашқы модульде байқауға қатысушы топтар өздерін қызықты етіп таныстырса, екінші модульде сұрақ-жауап арқылы қатысушының білім деңгейі, кәсіптік біліктілігі мен ой-өрісі тексерілді. Үшінші модуль жағдаяттық сұрақтарға негізделсе, соңғы модульде әр топ үйден дайындалып клген сабағын өткізулері керек болды.
Қатысушылардың жұмысына колледжіміздің әдіскері С.Алматова, Ш.Уәлиханов атындағы №1 ЖББ мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ж.Шаяхметова, А.Құнанбаев атындағы №6 мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі С.Қапсалықова, Кейкі батыр атындағы №4 ЖББ мектептің бастауыш сынып мұғалімі Г.Сәрсен әділ бағаларын беріп, білім алушыларға мақтау қағаздарын табыстады. Сайыс соңы әдеби-музыкалық ән шашумен жалғасып тапты.
Бакытира НУРГАЗИЕВА,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық
колледжінің оқу-
өндірістік жұмысы
жөніндегі орынбасары,
Арқалық қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.