TEDx форматындағы кездесу

Выпуск - №49(646)   :   13.12.2024
599

TEDx-1

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің жастар ісі жөніндегі комитетінің бастауымен «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын негізге ала отырып, «Білім – алынбас қамал» жобасы аясында жастар ресурстық орталығының өкілдерімен кездесу өтті.

TEDx-2

TEDx форматындағы іс-шараға спикер ретінде жастар ресурстық орталығының директоры Данияр Қуанышұлы, колледжіміздің жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы ретінде мен, Ниязбек Рамазанұлы және колледжіміздің президенті Гаухар Бауыржанқызы қатысты. Кездесу барысында еңбек нарығындағы қажетті мамандықтар, жастардың өзін-өзі қандай салаларда белсенді дамытуы қажет екендігі, медиа-менеджмент және оның жұмысқа орналасудағы рөлі, жастарды кәсіпкерлікке баулу, сонымен қатар кәсіпкерге қажетті дағдылар сияқты маңызды мәселелер талқыланды.
Іс-шара аясында спикерлер мансап пен жеке өсу үшін өмірлік дағдыларды дамытудағы тәжірибелерімен бөлісті. Осы айтылған кеңестер жастарды болашақ өмірлік жоспарларына ынталандырады деп сенемін. Спикерлер жастарға өз өмірінде табысты болу үшін өзіне және мүмкіндіктеріне сенуге көмектесуді басты мақсат етіп қойғанын атап өтті. Қатысушылар да өз ұсыныстарын айтып, сұрақтар қойды. Спикерлер жастардың мәселелеріне мән беріп, олардың дамуына жағдай жасауға дайын екендіктерін жеткізді.

Ниязбек ОРАЗОВ,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық колледжінің жастар ісі
жөніндегі комитетінің төрағасы,
Арқалық қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.