Техникалық кадрлар қажет

Выпуск - №1-2(549-550)   :   19.01.2023
622

Жол саласы мамандығына жастардың бетбұрыс жасауы үшін «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Қостанай облыстық филиалының қызметкерлері екі жыл бұрын «1000 мектеп» акциясын қолға алған еді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзінде: «Жаңа экономика құру үшін жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру маңызды. 2025 жылға қарай елімізде беделді шетелдік университеттердің кемінде 5 филиалын ашу қажет деп санаймын. Бұл ретте техникалық еңістігі бар ЖОО-ның екі филиалын еліміздің батысында ашу қажет. Жалпы, бәріміз білімге деген көзқарасты өзгертуіміз керек. Гуманитарлық мамандықтарға әуестену кезеңі өтті, техникалық мамандықтарға басымдық беру керек. Инженерлер мен өнеркәсіпшілердің жаңа буынын өсіру қажет», – деп атап өтті.

Жоғарыда аталған акция асында кездесулер ұйымдастырылып, нәтижесінде қазіргі таңда республика бойынша 7391 мектептің 2542-сі қамтылды. Сондай-ақ онлайн-режимде бірден 600 оқушымен кездесу өтті. Қостанай облысында өткен жылы 93 мектеп қамтылғанын айта кеткен жөн. Сонымен қатар мекемеде 2020-2021 ж.ж. бірнеше ақылы тәжірибеден өтті. Оның ішінде мамандық иесі атанып, маусымдық жұмысқа қабылданғандары да бар. Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында аталған жұмыс алдағы уақытта жандана түспек.


Еділхан ХАМЗИН,
№15 ЖББМ информатика
пәнінің мұғалімі,
Қостанай қаласы

Реклама

Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.