Арқалық политехникалық колледжінде ПУ-03 тобының білім алушыларымен санитарлық талаптарды сақтай отырып «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығы бойынша колледжішілік Worldskills чемпионаты өтті.

Чемпионаттың негізгі мақсаты – жұмысшы жəне техникалық мамандықтардың дəрежесі мен мəртебесін арттыру, кәсіптік-техникалық білім беру саласына ерекше көңіл бөліп, білім алушыларды аталған салаға тарту. Сондай-ақ, еңбек нарығына бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауда кәсіби шеберлігін байқау.
Жыл сайын колледж ішінде барлық жұмысшы мамандықтар арасында осындай сайыс өтуде. Биыл «Сән технологиясы» құзыреттілігі бойынша «Арнайы тігінші» біліктілігінің 1-курс білім алушылары қатысты. Сайыс үш модульден, яғни үш кезеңнен құралды. Әр тапсырмаға шектеулі уақыт берілді. Білім алушылар берілген уақытты тиімді пайдаланып, тапсырманы толықтай орындап шығуы тиіс болды. Осылайша үш кезеңнің қорытындысын эксперттер критерийлер бойынша бағалап І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломмен марапаттады.
Қорыта келгенде, жыл сайын өтетін Worldskills чемпионаты байқауларының нәтижесінде білім алушылардың мамандыққа деген қызығушылығы артып, өзін-өзі жан-жақты дамытып, жақсы маман иесі болуына ықпалын тигізеді.
Әсемгүл ЖАПАРҒАЛИЕВА,
Арқалық политехникалық
колледжінің өндірістік
оқыту шебері
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.