Әр адамның ғасырлар бойы жиған рухани азығынан нәр алатын кіндік тамыры – ана тілі. ҚР халықтарының тілдер мерекесіне орай, колледжімізде 5 қыркүйек пен 10 қыркүйек аралығында мақала тақырыбымен аттас апталық өткізілді.
Апталықты өткізудегі басты мақсат: білім алушылардың ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Апталықтың ашылуы гуманитарлық пәннің оқытушысы Екатерина Қолдасбаеваның жетекшілігімен «Тіл ғұмыры – ұлт ғұмыры» атты газет көрмесімен басталды. Апталық барысында колледж білім алушылары белсенділік танытып, шыңдала түсті. Қазақ тілі пәнінің оқытушылары Серік Капаров және Азамат Абжановтың жетекшілігімен «Жас қалам» атты жас ақындар мүшайрасын өткізді.
Ыбырай мен Жамбыл атамыздың еңбектерін жаңғыртып, сол арқылы ізбасар жас талант иелерінің ұлтжандылық сезімін оятып, поязия өнерін сүюге баулу мақсатын көздеген мүшайра 3 тақырып аясында ұйымдастырылды. «Арқалығым – ақ таңым» тақырыбы аясында қаламыздың 65 жылдығына қатысушылар өз туындыларын нақышына келтіріп жатқа айта білді. Ал «Ұлт ұстазы – Ыбырай Алтынсарин» және «Жамбыл – ұлы тұлға» тақырыптарында өзінің арнауларын паш етті. Біздің жас қаламгерлеріміз ізденіс арналары жарқын, көзқарастары айқын, көркемдік келісімдері нұрлы екенін көрсете білді.
Апталық ағылшын пәнінің оқытушылары Айнұр Жүргімбекова, Бақытгүл Мейрамованың бастамаларымен «PLAY and LEARN» атты зияткерлік сайысымен жалғасты. Зияткерлік ойын 3 курс білім алушылары арасында болды. Бұл сайыстың ұйымдастырылудағы басты шарты – білім алушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылықтарын арттырумен қатар білім деңгейлерін анықтау. Зияткерлік ойын 5 кезеңнен тұрды: «Warming up», «Famous people of Russia», «Famous people of Britain and the USA», «Tastest differ», «The musical Cascet». Аталған кезеңдер бойынша студенттер ағылшын тілінен білім деңгейлерін көрсетті. Сұрақтарға жауап берді, әннің әуенін тыңдап, атауы мен орындаушысын тапты, сәйкестендірді. Зияткерлік ойын қорытындысы бойынша «Бастауыш білім беру» мамандығының 3-курс студенттері БМ-33 тобы жеңімпаз атанды.
Апталық одан әрі орыс тілі пәнінің оқытушылары Аида Сайболова және Екатерина Қолдасбаеваның жетекшілігімен «Знаток русского языка» атты интелектуалдық сайыспен жалғасты. Іс-шара білім алушылар арасында орыс тілі білімгерлерін анықтауды көздеді. Бұл сайыс тек 1-курс білім алушылары аясында өтті және 9 бөлімнен тұрды. Олар сұрақтарға 3 тілде жауап бере білді. Білім алушылардың ой-өрісін дамыту барысында мақал-мәтелдер, жұмбақтар жасырылды, тіл байлығын арттыруда мәнерлеп өлеңдер оқыды.
Сайыс барысында ерекшелігімен көзге түскен БМ 12 тобының студенттері Мұхамедқали Искаков, Ақерке Сақан, Медина Тасмуратова, БМ 13 тобы бойынша Ақбота Маулетқалиева мақтау қағазына ие болды. Тіл мерекесіне орай өткізілген іс-шаралар мен түрлі сайыстар барысында жақсы өнерімен, тілге деген құрметімен алға ұмтылып, жеңіске жеткен білім алушыларымыз апталықтың жабылуы барысында марапатталды.
Луиза АҚЫЛБЕКОВА,
Нәзипа Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық
колледжінің арнайы
пәндердің оқытушысы,
Арқалық қаласы
Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.