Тіл мерейі – ел мерейі

Выпуск - №3(600)   :   26.01.2024
796

«Тәрбие – тал бесіктен» деген ұлағатты сөзді ұстанып етіп, Арқалық политехникалық колледжінде тіл мамандарының ұйымдастыруымен колледждің бірінші топтары арасында «Туған тіл – қыдырың» тақырыбындағы әдеби сайыс өткізілді.

Тағылымды сайыс жеті кезеңді қамтыды. «Менің тобым осындай» атты 1-кезеңде әрбір топ сахнаға шығып, өздерін таныстырды. Екінші «Өнерге әркімнің де бар таласы» кезеңінде әрбір топ әншісі жеке немесе дуэт болып, тіл туралы ән орындады. Үшінші «Сәулең болса кеудеңде» кезеңінде әр топтың көркем сөз шеберлері белгілі ақынның шығармасын немесе өзі шығарған өлеңін жатқа айтып беруі қажет еді. Келесі «Шешендерден сөз қалған» кезеңінде әрбір топтан өнерпаздар ортаға шығып, ата-бабаларымыздан өсиет ретінде қалған аталы сөздерді мысалға келтіріп, сахналанған көрініс қойды.

«Тапқыр болсаң, талап көп» тақырыбындағы бесінші кезеңде әр топқа жеке-жеке мақал-мәтелдердің басы айтылып, екінші бөлігін топ білім алушылары жалғастыруы қажет болды. Ал, «Ата мұра – асыл қазына» атты соңғы кезең сұрақ-жауапқа негізделді. Топ басшысы арнайы қорапшадан берілген сұрақтарды таңдап, оған жауап берді. Сұрақтар салт-дәстүрге, ұлттық тағамдардың атауы немесе жасалу жолын түсіндіруге, туыстық атауларды табуға арналады. Осындай алты кезеңнен тұрған сайыста әр топ қатысушылары жақсы дайындығын көрсетіп, өнерлерін ортаға салды.

Әділ қазылар алқасының шешімімен жан-жақты жоғары дайындықпен келген Қаржауова Гүлжеңіс Қасымханқызы жетекшілік ететін Э-11 тобы бас жүлдеге ие болды. Бірінші орынды ОП-11 тобы иеленіп, келесі орындарды ТО-11, ПК-11 топтары өзара бөлісті. Тілдің мәртебесін көтеріп, салт-дәстүрді меңгерген жас ұрпақ тәрбиесін жаңғырту жолындағы іс-шаралар әлі де жалғаспақ. Салт-дәстүріміз – саналы ұрпақ тәрбиесіндегі саф алтынымыз саналса, тіл мерейі – ел мерейі болып қала бермек.


Бағила БАЛМАШЕВА,
Арқалық политехникалық
колледжінің қазақ тілі
мен әдебиеті пәнінің
оқытушысы

Реклама

Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.