Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінде жастар ісі жөніндегі комитетінің ұйымдастыруымен 90-шы жылдар ностальгиялық кеші өткізілді. Мұндай іс-шаралар әрдайым көңілді және ұмытылмас болады.


Іс-шараның мақсаты: балалық және жастық дәуреннің атмосферасын жаңғырту, көңіл күй сыйлау. Студенттеріміз би билеп қана қоймай, бірінші курс студенттері әр түрлі жанрда породия салып, жан жағына қуаныш сыйлады. Тақырыпқа сәйкес топтарға атаулар берілді: жүлделі І орынды НОСТАЛЬГИЯ 12-тобы иеленді, ДИСКО 12-тобы ІІ орынды жеңіп алса, ІІІ орынды ТАНЦОР 11-тобы қанжығасына байлады, «Ең креативті топ» номинациясына ие болған РЕТРО 11-тобы, «Ең ерекше топ» номинациясы РАЙОНСКИЙ 11-тобына бұйырды.
Әр топ қызу дайындықпен келген. Би кеші барысында қызықты ойындар ойнатылып, сыйлықтар табысталды. Әділ қазы алқалары қорытындылап, студенттерді марапаттап, сыйлықтар табыс етті. Комитет белсенділері төрелік жасады: колледжіміздің президенті: Қаби Мөлдір, спорт министрі: Сейтқұл Манас, өркениет дебат клубының басшысы: Тасмуратова Медина. Бүгінгі қызықты да, көңілді кешіміз барлық студент жастарымызды бір серпіп тастағаны анық.
Қоғамның жүрек дүрсілі, өзегі бүгінгі жастар екені белгілі. Ендеше сол жастар, мына сіздер, Қазақстанның болашағын бұлыңғыратпай, сенімдерін селдіретпей, көк байрақты тік ұстап, еліміздің абыройын асқақтата беріңіздер! Осы кешке ат салысқан студенттерге үлкен алғысымды білдіремін. Бүгінгі жастар ертеңгі елдің тірегі, келешегіміздің келбеті бола бермек.
Ниязбек ОРАЗОВ,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай уманитарлық колледжі
Жастар ісі жөніндегі
комитетінің төрағасы,
Арқалық қаласы
Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.